Home » Жаңалықтар » Балаларға сазбалшық пайдалы

Балаларға сазбалшық пайдалы

     Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары сабақтан тыс уақытта сазбалшықпен жұмыс жасауды ермек қылуда. Сазбалшық баланың бойында туған жер мен Отанға деген сүйіспеншілікті дамытып, отандық өнімдерді өндіруге деген қызығушылығын арттырмақ. Туған жердің топырағын илей отырып, өз қиялына ерік беру арқылы балалардың бойындағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, бос уақытында түрлі бұйымдарды дайындау олардың мінезіне де оңтайлы әсер етеді.

Сазбалшық – бала мінезінің қалыптасу жолында оның ойлау жүйесі мен таным көкжиегін қалыптастыратын, өміріне қауіпсіз әрі денсаулығына зиян тигізбейтін құрал. Сонымен қатар, адам физиологиясының кальцийді топырақтан алатынын ескерсек, сазбалшықтың құрамында 60 пайызға дейін кальций элементтері бар. Ендеше, бала алақаны арқылы организмге қажетті қаншама пайдалы дәрумендер тарайтындығын түсінуге болады. Бала сазбалшықты илеу арқылы сүйек қатайтатын кальцийді алады, еңбек етуге үйренеді, шеберлігін шыңдайды. Балаға балшықты илету арқылы көптеген психо-неврологиялық аурулардың алдын алуға да болады. Мысалы, алақанда орналасқан нүктелер арқылы көз, құлақ, мұрын сынды сезу, көру, есту мүшелерінің қабілетін жақсартуға, психологиялық ойлау мен дамуды қалыптастыруға, физиологиялық тұрғыдан қажетті дәрумендермен қамтылуын қамтамасыз етуге болады. Сондай-ақ, алақанның сезу мүшелері де дамитын болады. Қазірде аталған ермек түрімен айналысатын оқушылар аз емес. Солардың бірі 7-сынып оқушылары Үмбетқалиева Диана мен Досан Ақбота. Олар осы үйірмеге белсене қатысып, қыш ыдыстар жасауға икемделуде. Қыздардың аталған ермекті игеріп алғаны соншалық, олардың қиялынан алуан түрлі туындылар пайда болуда. Қуантатыны сол балалардың қызығушылығы жоғары, ынтасы мен ептілігі басым. Оқушыларды пайдалы іске жұмылдыру, олардың бос уақытын еңбекке баулу үлкендердің міндеті.

 Назарбаев Зияткерлік мектебінің
өнер пәні мұғалімі
Улжагалиев Данияр

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.