Home » Жаңалықтар » ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛДІ

ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛДІ

Жамбыл облысы  бойынша  үш ауысымды 1, орын тапшылығы бар 16 және апатты 4 мектеп бар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова мәлімдеген.

Апатты жағдайдағы 1 мектептің құрылысы ағымдағы жылы аяқталып, 2019-2020 оқу жылында пайдалануға беріледі. Қалған 3 мектептің мәселесі 2019-2021 жылдары кезең-кезеңімен шешіледі деп жоспарлануда. Ал үш ауысымды 1 мектеп жергілікті бюджет есебінен 2019 жылы пайдалануға беріледі. Осылайша биылғы жылы облыста үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешілді.

Оқушы орны тапшы 16 мектептің бір мектебінің құрылысы 2019 жылы аяқталып, Шу ауданындағы 2 мектептің орын тапшылығының түйінді мәселесінің түйткілі шешіледі. Байзақ ауданындағы 2 мектептің және Қордай ауданындағы 2 мектептің орын тапшылығы мәселесін нақтылауға 2019 жылғы республикалық бюджетке ұсынылады. Қалған 9 мектептің мәселелері 2020-2021 жылдары шешіледі деп жоспарлануда. Демек, орта білім мекемелеріндегі орын тапшылығы жуырда орын алмайды деп сенейік!

Жансая Құрманғалиқызы,
«Білім айнасы»,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.