Ана тілі — анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған, жүректің терең сырларын, халықтың басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына. Тілді қастерлеу әрбір қазақстандықтың міндеті. Қазақстандағы тәуелсіз жолындағы күресі қазақ тілінің қоғамдағы лайықты орнын талап етуден басталған болатын. Қазақ тіліне мемлекет мәртебесіне әперу оңай болған емес. Осы жолда қаншама тар жол, тайғақ кешулерден өтті. Сөйтіп, елім, тілім деп күрес майданына шыққан көптеген асыл азаматтардың зор қажыр-қайратының арқасында туған тіліміз өз тұғырына қонды. Бұл істердің қай-қайсысының болсын басы-қасында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев болғанын тағы жақсы білесіздер. Тәуелсіздік жылдары мемлекеттік тілімізде оймен бірге жетіліп, қолданыс аясын кеңейте түсті.
Қазіргі жаһандану заманында ана тіліне қоса орыс тілі мен ағылшын тілін білу талабы қойылып отыр. Үштілдік туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын. Бірнеше тілді меңгеру арқылы жас ұрпақ білім кеңістігінде еркін самғап, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік алады. Қазіргі таңда үш тілді оқыту өзекті мәселе болып отырғаны бәрімізге аян. Мәдени тұлғаны қалыптастыруда ағылшын тілі мен орыс тілдерін меңгерудің қажеттілігі бар ма? Бұл сауал кез келген адамды толғандыратыны сөзсіз.
Менің ойымша, қажеттілігі бар деп есептеймін. Себебі, бүгінгі нарық заманы біздің бәсекеге қабілетті болуымыз, дамыған отыз елдің қатарынан көрінуіміз үшін мемлекетіміз үлкен жобалар қарастыруда. Ана тілін терең меңгерген мәдениетті қазақ халқының кез келген азаматы басқа тілді де меңгергені артық болмайды. Тілді жетік біліп тұрған тұлға қашан да алар асуы мол. Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениеттін игеріп, өз халқы мен басқа халықтардың дәстүрлері мен мәдениетін зерттеп, яғни полимәдениетті тұлға қалыптасады.
Көп тіл білу бүгінгі заманның негізгі талаптарының бірі. Ағылшын тілін оқып – үйренемін деушілердің саны күннен-күнге көбеюде. Қазіргі кезде әлемде бір жарым миллион адам ағылшын тілінде сөйлейді. Ағылшын тілі – халықаралық ұйымдардың жұмыс тілі. Желідегі біраз ақпараттар ағылшын тілінде берілген. Ғылыми еңбектердің де көбісі ағылшын тілінде екені бәріне белгілі. Тіл үйрену барысында барлық адамның қиналатыны анық. Кез келген тілді үйренудің өзіндік қиындықтары бар. Десек те, тіл үйренудің қарапайым жолындарын таңдап, еңбектенуі абзал. Мектебімізде жаратылыстану пәндерінің терминдерін ағылшын тілінде оқыту эксперимент жұмысының өтіп жатқанына екі жыл болды. Ата-аналар тарапынан да қолдау көрсетіп жатқаны да көңілге қуаныш орналатады. Бұл сайып келгенде, шет тілін, соның ішінде ағылшын тілін мектеп қабырғасынан бастап жоғары оқу орындарында оқыту әдістемесінің жаңа бетбұрыстарды қажет екендігін тудырады. Қазіргі уақытта, ағылшын тілін меңгерудің талабы жоғары болғандықтан, ағылшын тілін тереңдетіп үйренуге арналған арнайы үйірмелер, курстар жүргізілуде.
Үш тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашылатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда көптілділіктің қажеттілігі мол. Қарапайым тілмен айтқанда, қазақ тілді дамытып, орыс тілін қолданып және ағылшын тілін үйрене берейік.
Абдирариф Ажар, 9 «В» сынып оқушысы,
пән мұғалімі: Қалықұлова Жанна Қапарқызы