Home » Балабақша » «Үштілділік — заман талабы»

«Үштілділік — заман талабы»

Елбасының үштұғырлы саясаты аясында шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейтуде қазіргі таңда барлық білім беру салаларында қолға алынып жұмыстар жасалынуда. «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте», — деп ақын жырлағандай өз тілінде еркін сөйлеп, құрметтей білетін, өзге тілді жетік меңгерген тұлғаны тәрбиелеу бүгінде мектепке дейінгі білім беру саласында да жүзеге асырылуда.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жыл 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік ревалюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауының жетінші бағытында «Адами капитал-жаңғырудың негізі» деп білім мен денсаулық саласына тоқталған болатын.
Балабақшадан бастап үштілділікті меңгерсек, балалардың өз елінің жаһандық бәсекеге қабілетті болып өсу нәтижесінде біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп,кез келген этникалық топтың өкілі кез келген жұмысты таңдай алады, тіпті Президент болып сайлануғада мүмкіндігі болады –деп атап көрсеткен болатын.
Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауын ілгерілету мақсатында Қызылорда қалалық білім бөліміне қарасты Сағыныш Өмірсерікқызы Абуова басқарып отырған КМҚК №14 «Самал» балабақшасында «Үштілділік-заман талабы» атты қалалық семинар болып өтті.
Семинардың мақсаты- Елбасы Жолдауының жетінші бағытындағы білім берудің жаңа сапасы, мектеп жасына дейінгі балаларға үштілділікті меңгерте отырып, балалардың коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру.
Семинарға республикалық ғылыми-танымдық «Білім айнасы» газетінің тілшісі — Анар Елеусізқызы, Қызылорда «Қоғам ТВ» арнасының тілшілері А.Алтынбекқызы, Д.Ахметов және аймақтық балабақша тәрбиешілері, ағылшын, орыс тілінің мамандары қатысты.

Сарбасова Гүлсім Қалдыбекқызы,
КМҚК №14 «Самал»
балабақшасының әдіскері,
Қызылорда қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.