Home » Жаңалықтар » ҮЛГІ БОЛАР ҰРПАҚ БОЛАЙЫҚ

ҮЛГІ БОЛАР ҰРПАҚ БОЛАЙЫҚ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар» жылы деп жариялауы еліміздегі жастар үшін қуанышты хабар болғаны баршамызға мәлім.

Жастардың өзіне деген сенімі, алға қойған мақсатының Бейбіт елде ерінбей еңбек етсе, ізденсе, оқыса, білім алса еш күмәнсіз орындалуына сенім көзбен қарауы көпті қуантады.

Осы орайда «білекті — бірді, білімді — мыңды жеңеді» дегендей ертеңгі күніне, бойындағы ой тазалығы, білімі мен санасы арқылы жетуге болатынын түсіндіріп, тәрбиелеп жатқан білім мекемелері, мектептердің алар орны ерекше.

Өз оқушыларын білім ді де білікті азамат, үлкен өмір жолына елі үшін адал еңбек ететін патриот етіп дайындап келе жатқан сондай білім мекемелерінің бірі Түркістан облысының Сайрам ауданына қарасты №100 жалпы орта мектебі. Аталмыш мектеп 2017-2018 оқу жылында Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Республикалық бюджет есебінен қайта салынып, жаңа мектеп ғимаратын Сайрам ауданы депутаты Сиддиқов Мухиддин Эгамбердіұлы өзінің ұжымшылдығымен басқарып келуде. Мектеп ғимараты бүкіл стандартқа жауап беріп, оқушылардың бос уақыттарын әртүрлі үйірмелерде өткізуі – ата-аналарды тағы да қуанышқа бөлеген. Мектепте әр оқу жылы басталысымен-ақ, білім мен тәрбиеге бағытталған, жылдық жұмыс жоспарына сәйкес түрлі іс-шаралар, тәрбие сағаттары мен жиындар, басқосулар өткізіліп келуде. Бұл- оқушылардың оқуға деген қызығушылығын,өзіне деген сенімін, көптің алдында өзін қалай ұстау керектігін біле алуға деген мүмкіндігін арттыра түседі. Осы орайда «тыныштығы берік елдің әрбір күні мереке» демекші күзгі мерекелер қатарында қараша айының соңғы күндері мектепте «Тұңғыш Президент» күні кең ауқымда тойланып, мектепте өзін- өзі басқару жүйесін дамыту, жастардың оқуға, алға қарай ұмтылуға, қызығушылығын ояту мақсатында жоғары сынып оқушыларының Президент сайлауы да болып өтті. Сайлауда көп дауыс жинап, көш бастаған менің жетекшілігімдегі 9- «Б» сынып оқушысы Ергешов Диербек Абдуллаұлы «Мектеп президенті» атанды.

Ал 03.12.2018 жылы «1-желтоқсан-Бүкіл дүниежүзілік Спидке қарсы күрес» күніне орай «ҮЛГІ БОЛАР ҰРПАҚ БОЛАЙЫҚ» тақырыбында мектептің білімді де өнерлі оқушылары, жетекшілігімдегі өзін-өзі басқару жүйесі негізінде құрылған 9- «Б» сынып «Жас кемел» ұйымы жоғары деңгейде тәрбие сағатын өткізді. Мектеп директоры, оқу, тәрбие істері жөніндегі орынбасарлары, мектеп медбикелері, психологтары, педагог ұйымдастырушыларымен ақылдаса, кеңесе бекітілген жоспар негізінде өткен тәрбие сағатына қонақ ретінде шақырылған ата-аналар мен ұстаздар, 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Тәрбие сағаты барысында СПИД яғни ЖИТС — тің адам денсаулығын құртумен бірге өмір азабына жолықтыратынын оқушылар түрлі бейнероликтер, өлең- шумақтар, мақал- мәтелдер мен көріністер, ақпараттар арқылы айтып көрсетуге тырысты.

Оқушыларым мұның алдында да аудандық, облыстық тәжірибелік семинарларда білімін паш еткенін, республикалық дәрежедегі байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иемденіп жүргенін мақтана айта отырып, алдағы уақытта да мұндай іс-шаралар мен тәрбие сағаттарын жиі өткізіп тұруды мақсат еттік.

Мен шәкірттерімнің сынып жетекшісі, ұстазы ретінде алған білімдерін мектеп қабырғасында ғана емес, өмір жолында пайдалана алатын, маңызы зор тақырыптардағы жиындар, сайыстар, дебатттар ұйымдастырудың білім алушыға берері мол екендігін түсіндіре отырып, тек қана алға қарай ұмтылуға бағыт- бағдар беремін.

 

Исмаилов Хасан Султаниязұлы,
9-«Б» сынып жетекшісі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.