Home » Ашық сабақтар » Үй жануарлары

Үй жануарлары

 

Мақсаты:

  1. Білімділік: Балаларды үй жануарларымен таныстырып, олардың аттарын дұрыс атап, төлдерінің дыбыстарын ажырата білуге үйрету.
  2. Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, тілдің белсенділік қызметін арттыру.
  3. Тәрбиелік: Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, аудару

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, табиғаттану

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қималар, слайд.

Сабақтың барысы

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?

-Сәлеметсіз бе, Гаухар Темірбековна?

Психологиялық дайындық.

Бір-бірімізбен амандасамыз, жымиып қараймыз.

-Бүгін сыныпта кім кезекші?

-Кім жоқ?

Тіл дамыту.

-Бүгін нешесі?

-Апта күні қандай?

-Қазір қай мезгіл?

-Күз айларын ата

-Ағаштың жапырақтары қандай?

-Ауа райы қандай?

Кезекші дыбыс.

Күз мезгілінен кейін қандай жыл мезгілі келеді?

-Қыс мезгілі

-Қыс сөзі қандай дыбыстан басталады?

-Бұл -қ- дыбысы кезекші дыбысымыз

Балалар, біздің кезекші -қ-дыбысы кездесетін адамның дене мүшелерін білесіңдер?

-Қол, құлақ, аяқ…

-Балалар, ойын арқылы үй тапсырмасын еске түсірейік

  • Голова-бас
  • Волосы-шаш
  • Ухо – құлақ
  • Глаза – көз
  • Рот – ауыз
  • Оң аяқ – правая нога
  • Сол аяқ – левая нога

-Айтыңдаршы, дене мүшелері қандай тіршілік иелерінде бар?

Үй жануарларында болады.

-Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы — «Үй жануарлары»

-Қазір бір-бірден жануарлардың суреті шығады, соның атауларын атаңдар.

 

Әр суретке «Бұл не?» сұрағы қойылады.

-Балалар, қазір біз дәптермен жұмыс істейміз

-Дәптерге жазбас бұрын сергіту сәтін орындайық.

Оң қолымда – 5 саусақ,

Сол қолымда 5 саусақ,

Алақанды ашамыз

5-ті 5-ке қосамыз.

Оқушыларға сөздерді жазғызамыз, оқытамыз.

-Енді үй жануарларының төлдерін табамыз.

   

Есту қабілетіне арналған жұмыс.

-Балалар, енді мынадай ойын ойнайық. Мұқият тыңдаңдар. Қандай жануардың дыбысы екенін ажыратыңдар.

Қимамен жұмыс. 4 артықты тап.

Сипап сезу қабылдауын арналған жұмыс.

-Келесі ойынымыз —  «жануарларды мекеніне алып бар»

Сабақтың қорытындысы.

-Балалар, бүгінгі сабақта не өттік?

-Үй жануарлары

Үйге тапсырма.

-Сөздікті жаттап келіңдер. Үй жануарларын біліп келіңдер. Балалар тамаша! Барлықтарыңа «жақсы» деген баға қойылды.

Закриинова Гаухар Темирбековна,

Ақмола облысы білім басқармасының

«Көкшетау қаласы, есту және тіл кемістігі

бар балаларға арналған № 4 облыстық

арнайы түзету мектеп — интернаты» КММ

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.