Мақсаты:
- Білімділік: Балаларды үй жануарларымен таныстырып, олардың аттарын дұрыс атап, төлдерінің дыбыстарын ажырата білуге үйрету.
- Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, тілдің белсенділік қызметін арттыру.
- Тәрбиелік: Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, аудару
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, табиғаттану
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қималар, слайд.
Сабақтың барысы
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
-Сәлеметсіз бе, Гаухар Темірбековна?
Психологиялық дайындық.
Бір-бірімізбен амандасамыз, жымиып қараймыз.
-Бүгін сыныпта кім кезекші?
-Кім жоқ?
Тіл дамыту.
-Бүгін нешесі?
-Апта күні қандай?
-Қазір қай мезгіл?
-Күз айларын ата
-Ағаштың жапырақтары қандай?
-Ауа райы қандай?
Кезекші дыбыс.
—Күз мезгілінен кейін қандай жыл мезгілі келеді?
-Қыс мезгілі
-Қыс сөзі қандай дыбыстан басталады?
-Бұл -қ- дыбысы кезекші дыбысымыз
—Балалар, біздің кезекші -қ-дыбысы кездесетін адамның дене мүшелерін білесіңдер?
-Қол, құлақ, аяқ…
-Балалар, ойын арқылы үй тапсырмасын еске түсірейік
- Голова-бас
- Волосы-шаш
- Ухо – құлақ
- Глаза – көз
- Рот – ауыз
- Оң аяқ – правая нога
- Сол аяқ – левая нога
-Айтыңдаршы, дене мүшелері қандай тіршілік иелерінде бар?
Үй жануарларында болады.
-Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы — «Үй жануарлары»
-Қазір бір-бірден жануарлардың суреті шығады, соның атауларын атаңдар.
Әр суретке «Бұл не?» сұрағы қойылады.
-Балалар, қазір біз дәптермен жұмыс істейміз
-Дәптерге жазбас бұрын сергіту сәтін орындайық.
Оң қолымда – 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ,
Алақанды ашамыз
5-ті 5-ке қосамыз.
Оқушыларға сөздерді жазғызамыз, оқытамыз.
-Енді үй жануарларының төлдерін табамыз.
Есту қабілетіне арналған жұмыс.
-Балалар, енді мынадай ойын ойнайық. Мұқият тыңдаңдар. Қандай жануардың дыбысы екенін ажыратыңдар.
Қимамен жұмыс. 4 артықты тап.
Сипап сезу қабылдауын арналған жұмыс.
-Келесі ойынымыз — «жануарларды мекеніне алып бар»
Сабақтың қорытындысы.
-Балалар, бүгінгі сабақта не өттік?
-Үй жануарлары
Үйге тапсырма.
-Сөздікті жаттап келіңдер. Үй жануарларын біліп келіңдер. Балалар тамаша! Барлықтарыңа «жақсы» деген баға қойылды.
Закриинова Гаухар Темирбековна,
Ақмола облысы білім басқармасының
«Көкшетау қаласы, есту және тіл кемістігі
бар балаларға арналған № 4 облыстық
арнайы түзету мектеп — интернаты» КММ