Акишева Жансая Асановна
Астана қаласы, Н.Әбдіров атындағы
№33 «Балабақша-бастауыш мектеп»
кешенінің тәрбиешісі
Білім беру саласы: қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі : тіл дамыту.
Мақсаты: үй жануарлары туралы білімдерін бекіту. Жануарларды өзгешеліктеріне байланысты салыстыра .білу.
Дамытушылық: балалардың сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: үй жануарларын күтуге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: үй жануарларының суреттері, слайд, аудиотаспа.
Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, сергіту сәті, қорытынды.
Тәрбиеші: — Балалар, қане бәріміз қолдарымыздан ұстап, шеңберге тұрамыз.
Шаттық шеңбері
Бала-баба баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа ,
Батамызда қаламыз.
Тәрбиеші: — Балалар, айта қойыңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)
— Қыс мезгілі неше айдан тұрады? (төрт айдан тұрады)
(есік тырсылдайды)
Тәрбиеші: — Балалар тыңдаршы, біреу есік ағып тұрған сияқты?
Балалар барлығы есікке қарап таңырқап отырады.
(Дымбілмес кіреді)
— Балалар, бізге қонаққа Дымбілмес келіпті онын көңіл-күйі жоқ сияқты қане Дымбілмес төрлет біздің сабағымызға қатыс.
— Балалар қане қонақпен амандасайық.
Дымбілмес: — Мен ауылдан келдім онда көп үй жануарлары бар екен, бірақ мен олардың аттарын, төлдерін білмейді екенмін бәрі мені Дымбілмес деп мазақтады.
Тәрбиеші: — Балалар біз Дымбілмеске көмектесеміз бе?
Ойын «Даусынан таны»
Шарты: Үнтаспадан жануарлардың даусын салады.
— Балалар үй жануарларына қандай жануарлар жатады?
— Үй жануарлары қайда жүреді? — Орманда ма, үйде ме?
— Балалар оларды неге үй жануарлары деп атаймыз
Дидактикалық ойын : «Жануарларды төлдерімен топтастыр»
Тәрбиеші: — Балалар, үй жануарларының адамзатқа қандай пайдасы бар? (балалардың жауабы) Олар ет, сүт береді, атты көлік ретінде пайдаланады.
— Балалар, сендер жануарлардың адамзатқа қандай пайдасы бар екенін білдіңдер, олардың пайдасы өте көп екен, сондықтан да жануарларды қорғау керек.
Сергіту сәті: «Жануарлардың қимылын салу»
Тәрбиеші: — Қане балалар, бойымызды сергітіп алайық. Бәріміз орнымыздан тұрып, қимылды қайталаңдар.
Дымбілмес: — Балалар сендерге көп рахмет! Мен сендерден өз сұрақтарымның жауабын алдым. Енді үй жануарларын да, олардың
қалай аталатынын үйрендім. Көп-көп рахмет! Енді менің кететін уақытым болды. Сау болыңдар! (шығып кетеді).
Күтілетін нәтиже:
Біледі: үй жануарларын ажырату және олардың төлдерін атай білу.
Игереді: үй жануарларың пайдасы қандай екенін.
Меңгереді: үй жануарларың адамдар үшін көп пайдасы бар екенін және болардың төлдерін атай білуді