Home » Біле жүріңіз » Үйірменің үйретері көп

Үйірменің үйретері көп

Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра. Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра», — демекші домбыра қазақ халқының ерекше орны бар қасиетті аспабы.Біздің елде  әу демейтін қазақ жоқ, сондықтан әрбір қазақтың үйінде домбыра аспабы төрде ілулі тұрса, ол біздің ұлтжандығымыздың, отансүйгіштігіміздің дәлелі деп білемін.Домбыра аспабын сүйемелдеуге, сонымен қатар аспаппен қосылып ән айтуға үйрету ұлттық тәрбиенің негізгі қағидаларының бірі. Біздің мектебімізде домбыра үйірмесі оқушыларды өнерге баулу мақсатында ұйымдастырылды. Үйірме 2012 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Үйірмеге әнге, домбыра аспабына қызығушылық танытқан 3-8 – аралығында сыныптардың оқушылары тартылды. Оларға ұлттық аспаптар туралы мағлұматтар беріліп , домбыра аспабының құрылысы түсіндіріледі.Домбыраның құлақ күйін келтіру, тартқанда қалай отыру керектігі үйретіледі. Домбыра аспабын меңгеруге  байланысты саусақ қойылымдары мен қағыс техникаларына көп көңіл бөледі. Үйірмеде топтық, жұптық және жеке оқушылармен жұмыс жүргізіледі.Қазіргі таңда үйірмеде 20-25 оқушы қатысып, соның ішінде домбыра аспабын 15-20 сы аспапты жақсы игеруде.Үйірме оқушылары  қазіргі кезеңде халық күйі «келіншек», «тепең көк», кеңес» «жастар биі», Тастановтың «би» күйін, тағы да басқа шығармаларды орындап жүр. Үйірмеде оқушылар аспапта қағыстары бірдей ойналып ,ырғаққа жақсы дағдылануда. Домбырашыларды көпшілік алдына шығарып ,өнер көрсетуге баулу үлкен міндет. Оқушылардың жеке немесе топпен орындап өнер көрсетуі көрермендердің қызығушылықтарын тудырады. Жас домбырашылар мектебіміздің және ауылымыздың мерекелік іс-шараларына белсене қатысып жүр, сондай-ақ аймақтық, аудандық «Бозторғай», «Жас талант» байқауларына қатысып ,жүлделі орындарға ілініп алғыс хаттармен марапатталып жүр. Алдағы уақыттарда басқа да оқушылардың қызығушылығын арттырып,бұдан да биіктерден көріну жолында жұмыс жасайын.

 

Бакиров Ф.,
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Қожакент ауылы №184 негізгі орта мектебінің
әуез үйірме пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.