Home » Жаңалықтар » ҮЗДІК ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫ

ҮЗДІК ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫ

«Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында «Үздік қазақ тілі сабағы» атты тақырыпта педагог, жазушы С.Көбеевтің 140 жылдығына арналған Республикалық конкурсын өткізді.

Конкурс қазақ тілі мұғалімдері арасында үздік қазақ тілі сабағын анықтау, кәсіби біліктіліктерін жетілдіру, С.Көбеевтің шығармаларын оқу – тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану, С.Көбеевтің шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыру, қазақ тілі сабағында қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесінде қолдану бойынша мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, қазақ тілі мұғалімдері арасында инновациялық тәжірибені анықтау, оқушылардың бойында С.Көбеевтің шығармаларына деген құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Конкурс 2018 жылдың 12 қыркүйек пен 10 қазан аралығында өткізілді. Конкурсқа барлығы 90 жұмыс келіп түсті. Жіберілген  матералдардың ішінде жұмыстары талапқа сай орындалған мұғалімдерді атап кетуге болады. Олар: Шуйкебаева Баян-Сулу Муратовна, Қостанай қаласы №3 ОМ, Маженова  Лаззат Тулендиновна Қостанай қаласы №9 ОМ, Есенгельдина Мария Кеулмжаевна, Жітіқара ауданы, гимназия, Бекеева Гульжанар Абдыкаримовна Әулиекөл ауданы,С.Баймағамбетов атындағы мектеп — гимназия, Жакашева Данагуль Каиргалиевна Қостанай қаласы №7 ОМ, Жаксылыхова Гулназ Нурмуратовна, Рудный қаласы №19 ОМ, Абуталипова Асемгуль Багитбаевна Әулиекөл ауданы Құсмұрын ОМ, Жумабаева Гульжанат Тиышбаевна, Ибраева Нұргүл Куантаевна Рудный қаласындағы №7 мектеп – гимназия

Конкурсқа қатысқан барлық мұғалімдер  сертификатқа ие болды.

 

Кобжасарова Ж.К.,

«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ

кафедрасының аға оқытушысы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.