Home » Жаңалықтар » Кітапхана қорында жаңартылған білім мазмұны бойынша жаңа оқулықтар

Кітапхана қорында жаңартылған білім мазмұны бойынша жаңа оқулықтар

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ кітапханасы «Kokjiek – Gorizont” баспасынан 6 және 8 сыныптарға арналған «Русский язык и литература» оқулығының жинағын сыйлыққа алды.

«Өрлеуде» біліктілікті арттыру курстарында жүрген педагогтар күнтізбелік – тақырыптық жоспарларды, сабақ жоспарларын «Атамұра» баспасының кітаптарымен құрастырды, бірақ басқа баспалардың арасында жаңартылған білім мазмұнына арналған оқулықтарды  «Kokjiek – Gorizont” баспасы да шығарады.

Біз ұсынып отырған кітаптар мемлекеттік тілде оқытатын мектептерде орыс тілі мен әдебиетін оқыту үшін арналып жазылған. Бұл кітаптар жаңартылыған білім мазмұнына сай, оқушылардың коммуникативтік, тілдік, сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған. Оқулықтар жұмыс дәптерлерімен, мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулықтан, хрестоматиядан, критериалды бағалауға арналған тапсырмалар жинағынан тұрады.

Бұл кітаптардың ерекшелігі әр беттерінде QR-кодтар көрсетілген. Кез келген смартфонында камерасы бар оқушы осы код арқылы керекті текстті, ақпаратты сканерлеп, көркем оқу шеберлерінің орындауындағы тексттерді тыңдай алады.

Кітаптың авторлары оқушыларға оңай әрі ыңғайлы болу үшін глоссарий, лексуикалық минимум әзірлеген.

 

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ кітапханасы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.