Home » Мақалалар » Құтыру ауруымен күресу және алдын алу шаралары

Құтыру ауруымен күресу және алдын алу шаралары

Құтыру – Neuroryctes rabid жедел вирусты зоонозды нейроинфекция. Клиникасы гидрофобиямен, аэрофобиямен сипатталады, ауыр ағымды энцефаломиелиттің әсерінен өліммен аяқталады. Құтыру – адамның ми жасушаларын қатты зақымдайтын жыртқыштар тісін батырғанда, терісінің зақымданған жеріне олардың сілекейі жұққанда пайда болатын вирустық зоонозды жұқпа.

Құтыру сирек кездесетін ауру болғанымен адам үшін абсолютті летальды инфекция. Дүние жүзінде құтурудан жыл сайын 50 000 адам өлімге ұшырайды және 1 млн. жануар өледі.

Құтыру ауруының емі жоқ алайда алдын алуға болады. Құтырудың алдын алу мақсатында жануар тістегеннен, тырнағанынан және сілекейінен залал тартқан адамдардың барлығы құтыруға қарсы екпе курсын алу үшін тұрғылықты жері бойынша травматологиялық пункттерге медициналық көмекке қаралуы керек. Тістеген жарақатты таза сумен және сабынмен жуу керек, жарақат маңын йод тұндырмасымен залалсыздандырып, антирабикалық егу алу тиіс. Әрбір адамды өлімнен құтқарудың жалғыз әдісі – жүйелі құтыруға қарсы екпе комплексін өткізу екенін білу қажет. Құтыруға қарсы вакцина Біріккен Денсаулық Сақтау Ұйымы куәландырылған және екпе тегін егіледі. Құтыруға қарсы егу алғанда және егу курсының аяқталуынан кейін кем дегенде 6 ай бойы алкоголь қолдануға, ауыр дене еңбегімен айналысуға, қатты суықтауға болмайды. Бұл ережелерді сақтамау иммунды жүйенің қызметін бұзады, бұл құтырудың дамуына және өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Егерде белгілі иттен немесе мысықтан жарақат алсаңыз өлтіруге асықпай мал дәрігеріне көрсетіңіз, мал дәрігер 10 күндік бақылауда ұстайды, осы аралықта 3 рет егу тағайындалады. Ал егерде жарақаттаған ит, мысық қашып кетсе немесе өліп қалған жағдайда 6 рет егу тағайындалады. Сондықтан мінезінде өзгерістер байқалған жануарлардан балаларды аулақ, оқшаулап ұстап, дер кезінде мал дәрігерін шақыру керек. Ит, мысық асырайтын болсаңыз, мал дәрігеріне көрсетіп, кеңес алып, құтыру ауруына қарсы вакцина ектіріп тұруларыңыз керек.

Құтыру ауруына қарсы, құтыру қоздырғыштарынан жасалынған таза дақылдары, байытылған, құрғақталған, белсенділігін тоқтатқызған вакцина (КОКАВ) жасаудың сызбасы:

  1. Тікелей қарым-қатынаста болмаған кезінде және денесінде зақымы жоқ болса, онда егіледі;
  2. Ит қапқан кезінде, мысық терінің бетін жаралағанда және 10 күн аралығында дені сау болса, онда емі жалғастырылмайды;
  3. Егер, 10 күн аралығында жануар ауырып қалса, кетіп қалса, онда ем толық сызба бойынша белгілеп егіледі: 0-3-7-14-30-90 күндері егіледі; егер қапқан кезінде ит ауырған болса, онда емді тез арада бастайды; емді тоқтатады, егер 10 күн аралығында иттің дені сау болса;
  4. Ауыр жағдайда емді дереу бастайды: адамға құтыруға қарсы иммунноглобулин -40 ХБ мөлшерінде 1кг. адамның дене салмағына қарай жасауы, дәрігерге қаралған күннен бастап, сол күннен КОКАВ сызба бойынша: 0-3-7-14-30-90 егіледі. Үлкендерге және балаларға жасалынатын мөлшері бірдей болады, бірақ балаларға 1 мл. КОКАВ-ті иықтың немесе 5 мл. жамбастың жоғары жағындағы бұлшық етке өте баяу енгізеді.

Иммунноглобулин жараның аймағына, қоршаланып жасалынады немесе құйрықтың, жамбастың, иықтың бұлшық етіне енгізеді.

Құтыруға қарсы екпе алып жатқан адамдарға темекі шегуге болмайды, арақ-шарап ішуге болмайды, ауыр жұмыс істеуге болмайды, салқыннан сақтанып, шаршамай жүру керек. Барлық кезінде тазалық гигиенасын сақтап жүру керек. Екпені қабылдаудың алдында қарынын тойдырып келеді, бос қарынға екпе жасауға болмайды.

Гидрофобиямен ауырған адамдарға құтыруға қарсы екпе жасалынбайды.

 М.М. Ерман

Шымкент медицина колледжінің

жұқпалы аурулар пәнінің

оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.