Home » Сценарийлер » Құтты болсын жаңа жыл! 

Құтты болсын жаңа жыл! 

Музыка әуенімен балалар қол ұстасып залға кіреді.

Жүргізуші:   Құрметті ата-аналар,қонақтар.балалар!

Бүгін біз келе жатқан жаңа жыл мерекесіне жиналып келдік!

Жаңа жыл құтты болсын!

Ақсезім:  Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Міне, сұлу шыршамыз.

Көптен күтіп,сағынған,

Кел балалар келіңдер,

Тамашаны көріңдер.

Максим:  Жаңа жыл жаңа жыл,

Жаңа жылға жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр.

Еркеназ:  Тілеймін мен бар әлемге,

Дос көп болсын жаңа жыл.

Ата-әже,әке-шеше,

Құтты болсын жаңа жыл.

Кәусар:  Жаңа жыл жаңа  жыл,

Жаңа жылда  жаңа  жыр.

Жасыл  шырша жанында,

Жадырап  бар  бала  жүр.

Аяна: Тамаша,тамаша!

Шыршамыз тұр жараса .

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Ән:  «Қар жауды»

 Жүргізуші:  Жаңа жыл біздерге,

Көп қуаныш сыйлайды,

Ертегі әлеміне апарар,

Мол қызықтар сыйлайды.
Жарық өшеді, қарлы үйшік ішінен ақшақар шығады .

Aқшақар әндетіп:

Ақшақармын, аппақпын,

Қалай жаумай жатпақпын

Менсіз қыстың сәні жоқ

Ақ үкімді тақпақпын

Ұлпақарларды шақырып

Шашуымды шашпақпын

Қане, қане ,сіңлілерім

Шығыңдар нұрларыңды шашыңдар.

 1 ұлпақар: Ақшақар сен біздіңсыйымызды қабыл ал.

2 ұлпақар: Көп ұлпақар жасадық сиқырлысын тауып ал .

3 ұлпақар: Ұлпақардың сиқыры біреу емес көп тегі.

Барлығы : Тапқандардың арманы орындалар ,

Арманы мен тілегі.

Ақшақар: Ұшыңдар ақ ұлпалар,

Бір орында тұрмаңдар

Тапқан жандарға

Бақыт нұрын сыйлаңдар.

Би: «Ұлпақарлар»

Ақшақар: Cиқырлы ұлпақарлар ұшып жерге қонды. Kөрейік оны кім табады екен. Менің сиқырлы ұлпаларым әлемді айналып келгенше біздің балалар тақпақ айтқалы отыр.
Тақпақтар:

 Санжар:   Бақша іші мереке ,

Ойын күлкі асқақ ән,

Жақсы әпкелер жаңа кеп,

Мерекені бастаған .

Надия:   Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын

Төрле, төрле жаңа жыл,

Бізге құтты жол болсын.

Арсен:   Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армасың.

Оранды  ақ көрпеге,

Асқартау қарлы шың.

Айкерім:  Жаңа жылды қарсы алдың

Мініп алып күймеге

Мен де бүгін ән салдым

Араластым биге де.

Жанасыл:  Безендіріп шыршаны ,

Жыл қуантты баршаны .

Той маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.

Дияр:   Қайда қызық думан

Аяз ата сонда болды

Күндіз үйде ойнап бізбен

Балалармен бірге болды.

 

Музыка әуенімен қояндар шығады ,бір қоянның қолында ұлпақарлар.

 

1 қоян: Қараңдаршы қандай күмістей үлкен ұлпақар таптым.

2 қоян: Оған неге таңқалдың қыста көп қой бұл қаршық.

Сәбіз тауып қалғандай қуандың ғой сен шалқып.

 Барлығы :  Сәбізді бізде жер едік шіркін !

 Би: Қояндар мен сәбіз

Ақшақар: Қояндардың тілегі орындалды,

Олардың қуанышына біз ән айтайық.

Ән: »Аяз Ата»

Музыка әуенімен аюлар шығады, жүріп келе жатып ,ұлпақар тауып алады.

1 Аю: Қараңдаршы  қандай  қаршық ,

Жарқылдайды жарқын жарқын,

Қолға ұстасам да ерімей тұрғаны айқын,

2 Аю: Боран қойса болар еді,

Тәтті бал жесек болар еді.

Шырша артынан бал бөшкесі жүгіріп шығады аюлар аузын ашып тұрып алады.

 Би : »Аюлар»

 Тақпақтар

Кира:   Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып .

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп.

 Айсанат: Жапалақтап ақша қар,

Жауды күнде қайталап,

Қырға шықты балалар,

Шаңғыларын арқалап.

 

Даулет:  Аяз ата ақ сақалды,

Ақ таяқты паң ата.

Асып өтіп асқар тауды,

Жеттің бізге таң ата.

 

Аяулым:  Аяз ата келіп тұр,

Бізге сәлем беріп тұр

Сақалының ұзыны ай,

Кесіп алсам шіркін ай.

Ақшақар: Міне аюлар тілегі де орындалды.

Біздің ойыншықтарымыз бұл қуанышқа би билеп береміз дейді.

 Би: »Хлопушки»
Кенеттен мыстан кемпір кіріп келеді.

 Мыстан:  Ия, мендей сұлуды сендер тағы да шақырмай ұмыттыңдар.

Мына тікен- тікен ағашты қоршап әндетіп жүрсіңдер.

Ақшақар: Cәлеметсіз бе, мыстан апа сіз юізге бекер өкпелейсің.

Біз сізді ұмытқан жоқпыз сізді ылғи еске алып жүреміз.

Бізбен бірге болып ойын ойнатыңыз.

Мыстан: мақұл ондай болса ойнайық.

 Ойын: »Сыпырғыш»

 Мыстан: Ох, мынау не қандай әдемі ұлпақар қайда тақсам екен .

 Ақшақар:  Қарашы сіздің жолыңыз болып кетті ,сіз сиқырлы ұлпақар тауып алдыңыз, енді тілегіңіз орындалады .

 Мыстан: Мәссаған қандай тілек болса да ма, не тілесем екен.

Маған қой керек. Неге күлесіңдер? Ол маған өте керек.

Музыка арқылы қой билеп кіреді мыстан қойды айдап ,сүйрелеп тартады.

 Мыстан: Kел, жаным кеттік сені үйіме апарайын.

Нұрай( қыз) шығады: ұлпақар ұстап. Мен әдемі ұлпақар тауып алдым.

 Ақшақар: Ендеше  өз тілегіңді айт ол міндетті түрде орындалады.

 Нұрай: мен барлық  баланың қалауындай , Аяз Ата келгенін қалаймын .

Музыкамен Аяз Ата кіреді: Амансың ба, ұлдарым. Амансың ба қыздарым .

Қандай жарқын жүздерің ,

Келе жатырмын алыстан өздеріңді сағынып,

Керемет бір ән тыңдап келіп тұр ғой демалғым!

 

Ән: »Аяз Ата »Нұрасыл, Санжар, Нұрай.

 

Аяз Ата: Қандай керемет ән рахмет. Ал, енді мен кетейін.

 

Ақшақар: Ал біз сізді жібермейміз. Балалармен ойын ойнаңыз.

 

Аяз Ата: Жарайды , ойнасақ ойнайық.

 

Ойын: »Шыршаны безендір»

 

Тақпақтар

 

Абдуфата: Аппақ тонға оранып ,

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз Ата оралып.

 

Жалғас:     Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.
М.Алихан:  Жылдың  әнін бастайын

Аяз Ата кеп қалды

Майысады  жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

Мудир:   Аяз келді қаһарлы ,

Айналаны қар жапты.

Ақ тон киіп орман тұр,

Дәл атамдай салмақты.

 Ән: »Шырша »

 Балалар: Сыйлық!

 Аяз Ата: Oндай болса сыйлықты әкелсін, ақшақар әкел қазаныңды. Cыйлықты дайындайық. Аяз Ата сыйлықты пісіріп дайындауға кіріседі .

Дайын болған  сыйлықты балаларға таратады. Аяз Ата мен Ақшақар қоштасып кетеді.

 

 

Сапакбаева Айдана
Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
№6 «Арнаулы логопедтік
балабақшасының тәрбиешісі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.