Home » Жаңалықтар » Құстарға арналған өнер

Құстарға арналған өнер

Облыстық Оқушылар сарайының «Палитра» және «Сымбат» бейнелеу студиясының тәрбиеленушілері «Птичий перезвон» VII-ші Республикалық экологиялық фестиваль-конкурсының жеңімпаздары атанды. Бұл байқау жыл сайын Ақсу қаласында өтеді. Құстар күніңе арналған іс шара 31-ші наурызда өткізілді. Еліміздің әр өңірінен 523 жұмыс көрмеге қатысқан еді. Оқушылар сарайының екі бейнелеу студиясынан сурет көрмесіне 5-12 жас аралығында 23 жұмыс ұсынылды.

Байқаудың қортындысы бойынша «Палитра» бейнелеу студиясының жас суретшісі Айзиза Бектурова III — ші орынды иеленді. Васелина Дмитриеваның тағы да бір тәрбиеленушісі Дарига Макишева ынталандыру орынына ие болды. «Сымбат» бейнелеу студиясының тәрбиеленушісі Сафира Успанова, Элиф Гульшен, Сардар Бейбіт (жетекшісі Елена Каркавина) ынталандыру орындарына қол жеткізді.

Қонақтар, қатысушылар марапаттау алдыңда Құстар күңіне арналған әр-түрлі шебер-сыныптарға қатысты. Байқау жеңімпаздары дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.