Home » Ашық сабақтар » Қыс қызығы

Қыс қызығы

Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Көркем әдебиет
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсінік беру.
БМ: Қыс мезгілінің табиғат ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту.
ДМ: Суреттер бойынша заттарды атай білу қабілеттерін дамыту.
ТМ: Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қыс мезгіліне байланысты суреттер,ойынға қажетті заттар.
Шаттық шеңбері
Күлім қағып қолымды,
Бір,екі,үш деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Мен қолымды былғайын.
Жылы-жылы сөзбенен,
Жүрегімді сыйлайын.
Жылы-жылы сөзбенен,
Маңдайыңнан сипайын.
Амандасып өзіңмен,
Құшақтасып алайын.

 Жұмбақ жасыру
Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады  (қар).
— Балалар біз қар лақтырып қай мезгілде ойнаймыз? (Қыс мезгілі).
— Балалалар қыс мезгілінің белгілерін білесіңдерме? (Қыста қар жауады,боран,аяз  болады).
— Ендеше боранның соққанын қимылмен көрсете аласыңдар ма? (Балалар қолдарын көтеріп гуілдейді).
— Ал күн шыққанда не істейміз? (Алақай деп, қолдарын көтереді).
— Қыс мезгілінде неше ай бар? (Үш ай: желтоқсан, қаңтар, ақпан).
— Балалар қараңдаршы, мынау не? (Қар).
— Қардың түсі қандай? (Ақ).
— Қане, қарды қолымызбен ұстап көрейікші,ол қандай ?(Мұздай).
— Балалар, сіздерге қыс мезгілі ұнай ма? (Ұнайды).
— Қандай ерекшелігімен ұнайды (Шанамен сырғанаймыз,аққала жасаймыз,коньки тебеміз).

Тәжірибелік жұмыс.
Педагог балаларға мұзды көрсетіп, оны қағаз салфеткаға орап, тарелкаға салып қояды. Мұз ерігенше, ойын ойнауды ұсынады.
«Қағаз қарлар» ойыны
Балаларға қағаз үлестіріп, оны умаждап, қысып, кесек жасауды ұсынады.
Көңілді музыка әуенімен балалар жасаған қарларын лақтырып ойнайды.
Балалар көңілдерін көтеріп ойнағанша, мұз ериді.
— Неліктен мұз ериді?
— Салфетка қалай болды?
— Қараңдаршы,мұз кір болғандықтан, салфеткадан кір көрініп тұр. Ал кейбір балалар лас мұзды жеп іші, тамағы ауырады.Сондықтан үлкендер кір мұзды, қарды жеуге рұқсат бермейді.
Дыбыстық жаттығу
— ыс-ыс-ыс-қыс келді
— ғы-ғы-ғы- шаңғы
— ақ-ақ-ақ- аққала
— қа-қа-қа-қар
— ық-ық-ық-суық
Ойын «Аққаланы жапсыру»
Сергіту сәті
Аппақ қылып өңірді,
Қар жауды,қар жауды.
Көңілді балалар,
Қызығып секірді, секірді.
Тәрбиеші: Балалар, қыс қызығын біз далаға шығып ойнасақ, шанамен сырғанасақ қана білеміз. Сондықтан далаға шығып, ойнап қайтайық.
Қимылды ойын: «Қар лақтыру»
Саяхаттан оралып көрген қызықтары мен ойнаған ойындары туралы балалармен әңгімелесіп, олардың ойларын тыңдау.
Күтілетін нәтиже: Қыс мезгілі туралы білімдерін көрсетеді.
Нені біледі:Қыс –жылдың ең суық мезгілі.
Қандай түсініктерді игерді: Ойларын толық жеткізе біледі.

 

 

Гауһарай Исламғалиқызы Орынбасарова,
ЖББ Талдыбұлақ орта мектеп-балабақша кешенінің
балабақша тәрбиешісі,
Сырым ауданы, БҚО

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.