Home » Балабақша » Қыстап қалатын құстар

Қыстап қалатын құстар

 

Тайжуманова.Ә.Қ
«Балауса» ортаңғы тобының тәрбиешісі
Астана қаласы

 

Мақсаты: балаларға құстардың түрлерін соның ішінде қыстап қалатын құстар туралы білімдерін бекіту, сөздік қорларын молайтып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.  Қойылған сұраққа толық жауап алу.
Балаларды қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ–жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі:  слайд, қыстап қалатын, жыл құстарының суреттері.

Билингвальды компонент: қарға-ворона, торғай-воробей, көгершін-голубь,

  1. Шаттық шеңбері
    Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

2.Тәрбиеші: қыстап қалатын қандай құстарды білесіңдер?

Олар торғай, қарға, тоқылдақ, көгершін. Олардың қауырсындары қалыңдай түседі сондықтанда олар қысқы суыққа шыдамды.
Тәрбиеші: жыл құстарынан қандай құстар білесіңдер?

Олар қарлығаш, аққу, тырна. Олар суыққа шыдамайды, сондықтанда жылы жаққа ұшып кетеді.

Тәрбиеші: Құстар бау бақшаның сәні әрі біздің досымыз. Құстардың пайдасы көп. Олар ағаштағы, жердегі құрттарды жейді. Құстар ән айтып, біздің көңілімізді көтереді. Кейбіреулері біздің далаға төккен тамақ қалдықтарын жеп, айналаны тазартады.
Құстар нан қоқымымен, дәнді дақыл, ағаштағы жеміс қалдығы мен, шемішкенің дәнімен, жаңғақпен қоректенеді.

3.Слайд арқылы құстардың суретін көрсету.

Суретпен қыстап қалатын құстар жайлы әңгімелеу.(балалар)

Торғай –кішкентай құс. Ағаш қуысындағы зиянкес құрттарды жейді және дәнді дақыл, нан қиқымдарымен  қоректенеді. Үй шатырларына немесе ағашқа шар тәрізді ұя салады.
Көгершін– басы кішкентай, тұмсығы түзу, сирағы қысқа құс. Өсімдік тұқымымен, астық тұқымдарының дәнімен қоректенеді. Көгершін адамдарға жақын мекендейді.

ҚАРҒА – қара немесе сұр қауырсынды тамақ талғамайтын, еті арам құс. Кез келген тамақты қорек ететін құстардың бірі. Қар астында қатып қалған төгінділерді өткір тырнақтарымен тырнап босатып, мықты үшкір тұмсығымен шоқып қоректенеді.

4.Тіл ұстарту жаттығуы.
1. ыс — ыс — ыс келіп қалды қыс
2. ос — ос — ос құстар бізбен дос
3. ұс — ұс — ұс ұшып кетті құс

5.Слайд  «Қоңыр қаз » жайлы видео көрсету.

-Қаз неліктен жылы жаққа ұша алмады?

-Ата қазға қалай көмектесті?

-Содан соң не болды?

Құстарға сендер қалай қамқорлық жасар едіңдер?

6.Сергіту сәті.

«Ұшты-ұшты» ойыны.

Шарты: педагог: «Ұшты-ұшты»деп, құстың атын айтса, балалар қолдарын жоғары көтереді, «Ұшты-ұшты» деп, заттын атын айтса, балалар қолдарын көтермеуі тиіс.

Ұшты, ұшты, ұшты —қарға ұшты! (ұшады)

Ұшты, ұшты, ұшты —тарақ ұшты! (ұшпайды)
Ұшты, ұшты, ұшты — үкі ұшты! (ұшады)
Ұшты, ұшты, ұшты — түлкі ұшты! (үшпайды)
Ұшты, ұшты, ұшты — бүркіт ұшты! (ұшады)
Ұшты, ұшты, ұшты — іркіт ұшты! (ұшпайды)
Ұшты, ұшты, ұшты — үйрек ұшты! (ұшады)
Ұшты, ұшты, ұшты — бүйрек ұшты! (үшпайды)
Билингвальды компонент: қарға-ворона, торғай-воробей, көгершін-голубь.

7.Дидактикалық ойын:

  «Кім шапшаң»

Шарты: жыл құстары мен қыстап қалатын құстарды ажырату.

Қызыл дөңгелекке жыл құстарын жапсыру (қарлығаш, аққу, тырн)

Көк түсті дөңгелекке қыстап қалатын құстарды жапсыру ( қарға, көгершін, торғай )

8.Тыйым сөздер.

Құстың ұясын бұзба.

Құсқа тас лақтырма.

Құстың жұмыртқасын жарма.

Құсты атуға болмайды.

Ата-аналармен бірге құстарға жемсауыт жасады.( көрме )

9.Балалар: мына жемсауытты ата-анаммен жасадым (1-2 бала )

Қортынды.

— Өзің білетін жыл құстарын ата.

-Құстар немен қоректенеді?

-Құстар не себепті жылы жаққа ұшып кетеді?

-Құстар табиғатқа адамға қандай пайдасын тигізеді?

Ата-аналармен бірге құстарға жемсауыт жасады.( көрме )

Мадақтау балаларды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.