Home » Жаңалықтар » «Қыз өмірдің қызғалдағы!» атты қыз сыны байқауы өтті

«Қыз өмірдің қызғалдағы!» атты қыз сыны байқауы өтті

Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Әди Шәріпов атындағы № 16 жалпы білім беретін мектебінде 5 наурыз күні, 8 — наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай 3 «А» сыныбында «Қыз өмірдің қызғалдағы!» атты қыз сыны байқауы өтті. Байқауда 5 ару бақ таластырды.

  1. Азаматқызы Айханша
  2. Айдарбек Аяжан
  3. Иген Айша
  4. Серік Аруай
  5. Тасходжа Асем

Сайыс барысында қыздар өзін-өзі таныстырып, білімдерін көрсетті. Әр бір сайыста өздерінің белсенділіктерін, тапқырлықтарын, жауапкершіліктерін көрсете білді. Қатысушы арулар  өздерінің ән айту, би билеу, мәнерлеп оқу және актерлік шеберліктерін паш етті.

Қазылар алқасы бірінен-бірі өткен сұлу қыздардың өнерлеріне риза болып, қазіргі буынның жастары заман ағымынан қалмай, ата-жұрттың салт-дәстүрлерін де қаперлерінен шығармай жүргендігі аса қуантатындығын атап өтті.Осы қатысушы қыздардың ішінен суырылып бас жүлдеге Иген Айша ие болды. Бұл мерекелік кешке оқушылар, ұстаздар және ата-аналарда қатысты. Мерекелік іс-шара ойдағыдай аталып өтілді.

 

Қуандықова Айдана Маратқызы
А
лматы қаласы, Алмалы ауданы
Әди Шәріпов атындағы № 16 жалпы білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.