Қазақ халқы «қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Қыздарымыз ең бірінші тәрбиені үйде анасынан, сосын оқыған мектебінен алады емес пе?! Қыз тәрбиесіне байланысты «Қыз тәрбиесі – ұлт абыройы» тақырыбында «Қақпақ» жалпы орта мектебінде керемет іс-шара болып өтті. Сайыс 8-10 сыныптар оқушыларының арасында өтті. Сайысқа қатысушы қыздарымыз жан-жақты дайындалып келген екен.
6 бөлімнен тұратын бұл сайыста «Ас адамның — арқауы» бөлімі қызықты өтті. Қыздардың ептіліктіліктерін, тапқырлығы мен білімділігін сынайтын осындай байқаулардың болып тұрғаны қандай жақсы. Әділ-қазылар алқасы әділ бағаларын беріп, сайыс қорытындысы бойынша 3-орынды Оңғарбай Сара, 2-орынды Әлімбек Жайна мен Кенжетаева Аманкүл, 1-орынды Сейсен Шұғыла, ал 9-сынып оқушысы Құдияр Ақжүніс бас жүлдені иемденді. Сөз соңын Елбасымыздың «Әйел – бесік иесі. Демек әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей – еліміз толық түзелмейді» деген пікірімен қорытындылағым келіп отыр. Қаракөздеріміз бұрымды шашымен, инабатты мінезімен, ақылдылығымен, кіршіксіз арымен әрқашан басқалардан ерекшелене білгей.
Жанерке Абуева,
ОҚО, Қазығұрт ауданы,
«Қақпақ» жалпы орта мектебінің кітапханашысы