Home » Балабақша » Қызықты математика

Қызықты математика

Мақсаты: Балалардың қарапайым математикалық дағдыларын қалыптастыру, тура және кері санауға ынталандырып, 5 көлемінде сандарды үйрету.

Дамытушылық: Баланың ойлау қабілетін, зейінін тез ойлауын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды тапқырлыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері:

Қуанамын мен де,  

Қуанасың сен де,                                                      

Қуанамыз бәріміз,

Арайлап атқан күнге.  

Всем, всем добрый день!                                                                      

Здравствуй, солнце золотое!                                                                  

Здравствуй, матушка земля!                                                                      

Гуд мониг май френдз.

  • Ой балалар, бүгін барлықтарыңыз әдемі болып келіпсіңдер. Енді бүгінгі оқу қызметімізді   қызықты етіп өткізуге ат салысамыз. Балалар бүгін біз «Қызықты математика әлеміне» саяхатқа барамыз. Балалар автобусқа отырады, тәрбиеші балаларға пішіндер таратады, әр бала қолдарындағы пішіндерге сәйкес орнын табады.

Тотықұс тұмсығында хаты бар ұшып келеді. Ал балалар хатты ашып көрейік. Бұл жерде   тапсырмалар берілген екен. Балалар тотықұстың тапсырмаларын орындаймыз ба?

1-тапсырма: Ойын. «Адасқан сандар» 1-ден 5-ке дейін тура және кері санау.

2-тапсырма: Ұсақ қол моторикасы бойынша ойын. «Дәнді-дақылдарды ажырат». Әр түрлі   ыдыстағы араласып кеткен бұршақ пен ас бұршақты бөліп тереміз. Әр түрлі боялған   күрішті ыдыстарға түстеріне қарай ажырату. Дәнді-дақылдарды қолға ұстап уқалау. Бұл   ойында баланың шығармашылық қиялын дамытуға және ұсақ қол моторикасын дамытуға   өте зор үлесін қосады.

3-тапсырма: Суретпен жұмыс. «Алма мен сәбіз»

Балалар, мынау не? Түсі қандай?   Алма нешеу?

Ал мынау не? Сәбіз нешеу?

Алма көп пе?   Сәбіз көп пе?

Сәбіз көп.

Қорытынды.                                                                                                          

Жарайсыңдар, балалар, сендер бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Балалар сендерге   «Қызықты математика әлеміне» саяхатқа барған ұнады ма? Біздер қандай құсты   кездестірдік? Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Ендеше автобусқа отырып, балабақшамызға оралайық.

 

Уразалиева Ажар Науканбаевна,

№5 «Балбөбек» балабақша тәрбиешісі,

Манғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.