Home » Ашық сабақтар » Қызықты математика. Якубаева Құралай

Қызықты математика. Якубаева Құралай

Білім беру саласы: таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: қарапайым математикалық ұғымдар.

Мақсаты:

Білімділік: балалардың қарапайым математикалық дағдыларын қалыптастыра отырып, сандар жайлы түсініктерін тереңдету, геометриялық пішіндерді тануға, тура және кері жаңылмай санауға ынталандырып, тапсырмалар арқылы ықпал ету.

Дамытушылық: баланың логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту, зейінін, тез ойлауын, шапшаң есептеуге қызығушылықтарын ояту.

Тәрбиелік: достық пен сыйластыққа тәрбиелеу.

Мотивациялық-қозғаушы:

Тәрбиеші:

Балалар, қараңдаршы, бүгін сондай ерекше күн, сендер де, сондай әдемі болып кетіпсіңдер және де бүгін біздерге өздерің сияқты әдемі апайлар қонаққа келген екен, қанеки, «Сәлем – сөздің атасы» демекші, келеген қонақтармен амандасып, бүгінгі күніміз көңілді де, қызықты өту үшін «дөңгеленіп тұрайық, шаттық шеңбер құрайық».

Шаттық шеңбер:                                                                                      

Қайырлы таң, Жер-Ана,

Қайырлы таң, Көк Аспан,

Қайырлы таң, достарым,

Қайырлы таң, қонақтар.

Здравствуй, Небо! Здравствуй, Солнце! Здравствуй, Земля! Здравствуй, планета Земля! Здравствуй, наша большая семья!

Good morning, the sky Good morning, the sun

Good morning, the earth Good morning, everyone!

— Жарайсыңдар, балалар, орнымызға жайғасайық.

— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

— Көктем

— Көктем мезгілінде неше ай бар?

— 3 ай бар.

— Бір жылда неше мезгіл бар?

— 4 мезгіл бар?

— Бір аптада неше күн бар?

— 7күн

Ғажайып сәт:

Балалар, біздің ғажайып теледидарға хат келген сияқты, қане, бәріміз теледидарды қарайықшы.

Қарша қыз:

-«Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен – Қарша қызбын. Менің жеті ергежейлі достарымды Қатыгез патшайым ұрлап, тығып қойды. «Егер саған дос керек болса менің тапсырмамды орында» деп көп жұмбақ пен тапсырма беріп кетті, менің өзіме бұл тапсырмаларды орындау өте қиын, достар сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын, маған көмектесіңдерші, мынау Қатыгез патшайымның маған беріп кеткен тапсырмасы».

Ұйымдастыру-ізденушілік

— Балалар ертегі кейіпкеріне көмектесеміз бе?

— Иә.

Бірінші ергежейліні табу үшін, мына жұмбақты шешу керек сияқты.

Жұмбақ: Құлпырса қадірлейді, аялайды,

Қураса сыпырғышқа жарамайды

  • Гүл(Гүлдің қасынан ергежейліні табады.)
  • Тәрбиеші: олай болса гүлдердің арасынан біз ергейжейліні іздеп көрейікші.
  • Балалар, біз жұмбақты шештік енді, Қатыгез патшайымның тапсырмасын орындап көрейік. Тапсырмамыз 1-10-ға дейін тура және кері санау, және ағылшын орысша қайталау. Көрші сандарды атап шығу.

Жарайсыңдар, балалар, сіздер тапсырманы жақсы орындадыңдар, енді екінші ергейжейліні табу үшін біз тағы жұмбақ шешуіміз керек екен.

Жұмбақ:     Қабат-қабат қаттама,

Ақылын болса аттама.

  • Кітап.
  • Балалар жұмбақтың шешуін тауып, кітаптардың қасынан ергейжейліні табады.
  • Келесі біздің тапсырмамыз.
  • «Алдымен – содан кейін».

Кеңістіктік және мөлшерлік түсініктер

Алдымен көктем, ал содан кейін ЖАЗ,

Алдымен күз, ал содан кейін ҚЫС,

Алдымен кішкентай, ал содан кейін ҮЛКЕН,

Алдымен екі, ал содан кейін ҮШ,

Алдымен бес, ал содан кейін АЛТЫ,

Алдымен күндіз, ал содан кейін ТҮН,

Алдымен тоғыз, ал содан кейін ОН,

Жарайсыңдар, балалар сіздер бұл тапсырманы да жақсы орындадыңдар. Енді үшінші ергейжейліні табу үшін біз келесі жұмбақты шешуіміз қажет.

Жұмбақ:

Бір нәрсе, бетінде жоқ ой мен қыр,

Өзінің кіндігінен айналып жүр,

Өзіне назар салып қарасаңыз,

Келбеті жер жүзінің көрініп тұр.

  • Глобус

Балалар жұмбақтардың шешуін тауып, Глобустың қасынан ергежейліні табады.

Балалар біз ергейжейліні таптық енді, тапсырма орындайық.

Ал, балалар, енді тақтаға назар аударайық.

— Сендер қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?

— Балалар 3 тілде жауап қайтарады.

Балаларға жеке тапсырма..

Бос орынға тиісті пішінді сал

                

Ал, балалар, енді алдарыңдағы тәрелкелерді тексеріп көрейікші, кімнің тәрелкесіне ергежейлі жасырынған екен? Балалар тәрелкесінен ергежейліні тауып береді.

Сергіту сәті:

Бойды сергек тік ұста,                         

Емін-еркін тыныста.      

Оң қолыңды соз алға

Қол ұшына қара да.

Үшбұрыш сыз ауада,

Сол қол босқа тұрмасын,

Шеңбер жасап тынбасын.

Дидактикалық ойын

Жарайсыңдар, балалар, біз неше ергежейліні таптық, енді нешеу қалды?

— 3 таптық, 4 қалды.

Жұмбақ:     Төбедегі көзінен

                     Күн сәулесі түсседі

                   Бұрышы жоқ төрінен

                   Самал еркін еседі.

— Киіз үй

Логикалық есептер

1- Дүкеннен анам төртбұрышты 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім. менде неше

доп қалды?

2- Ағашта 5 құс отыр, оның 2 — уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?

3- Себетте 2 алма, табақта 3 алма, қосқанда барлығы болады неше алма?

 

Келесі жұмбақты тезірек жауабын тауып, ергейжейліні тауып алайық.

Жұмбақ:      Жайланған дүниені бір ғажайып,

Тік көтеріп отырар адамдарды.

(Орындық)

  • Қане, балалар тұрып өздеріннің отырған орындықтарынды қарап көріндерші, кімнің орындығына жасырған екен.- Балалар, жарайсыңдар, қане, санап шығайықшы, бізде неше ергейжейлі табылғанын, енді соңғы жетінші ергейжейліні табу үшін соңғы жұмбақты шешейікші.Пышақпен ұштала береді,
  • Бойы қысқара береді.
  • Жұмбақ:
  • — Балалар, енді сіздерге тағы бір тапсырма: алдарындағы тақтайшалардан пішіндер құрастырып беріңдерші.
  • Қаламсап
  • Жарайсыңдар, балалар, қане санайықшы, бізде неше ергежейлі болды? Енді ергежейлілерді өсу ретімен орналастырайықшы.

Қорытынды

Теледидарға хат келеді.

Қарша қыз: Балалар, сіздерге рахмет. Сіздер Қатыгез патшайымның тапсырмасын орындап, менің ергежейлерімді қайтардыңдар. Сау болыңыздар!

  • Балалар, бүгін біз кімге көмектестік?
  • Қарша қыз бен ергежейлілерге:
  • — Қандай тапсырмалар орындадық?
  • — Сандарды үш тілде санадық, логикалық есептерді шештік, пішіндерді қайталадық.

Якубаева Құралай

«Нұршуақ» балабақшасының тәрбиешісі,

Степногорск қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.