Home » Жаңалықтар » Қызылордада «KazRoboSport — 2017», «KazRoboProject – 2017» чемпионаты өтті

Қызылордада «KazRoboSport — 2017», «KazRoboProject – 2017» чемпионаты өтті

Қызылорда облыстық білім басқармасы «Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника «Казроботикс» Федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігімен робототехниканың түрлі бағыттарын (спорттық, білімдік,  ғылыми — зерттеушілік) дамыту, сондай-ақ жасөспірімдер арасында шығармашылық әлеуетін анықтау мақсатында 2017 жылы 13 мамырда Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында «KazRoboSport — 2017», «KazRoboProject – 2017» чемпионатының облыстық кезеңі өткізді.

Чемпионатқа робототехниканы оқып-үйрену үшін кез-келген робототехникалық алаңды қолданатын білім беру ұйымдары, үйірмелер мен клубтар және жеке тұлғалардан құрылған командалар  қатысты.

«KazRoboSport — 2017», «KazRoboProject – 2017» чемпионатының іріктеу турына қатысушылар кіші топ 10-15 жас, жоғары топ 16-21 жас категория бойынша жарысқа түсті.

Облыстық чемпионаттың жүлдегерлері Қызылорда облыстық білім басқармасы және «Казроботикс» білім беру және спорттық робототехниканың Қазақстандық Федерациясының дипломдарымен марапатталып, республикалық ақтық сайысқа жолдама алды.

Шара барысында «Робототехника» курсын жүргізетін мұғалімдер үшін Федерация тарапынан шеберлік-сыныбы өткізілді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.