Home » Жаңалықтар » ҚЫЗЫЛОРДАДА АЛҒАШ РЕТ «АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБТАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІСЛЕТІ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА АЛҒАШ РЕТ «АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБТАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІСЛЕТІ ӨТТІ

Болашақтың еншісін арқалайтын жастар жаһандық сын қатерлерге төтеп беруде шар болаттай шыңдалған рух пен өнегелі ілімді бойына ұштастыра білуі қажет. Ал, сол сын қатерлердің көш басында – қоғамдағы сыбайлас жемқорлық та бар.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп әзірлеген «Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы» бүгінде Қызылорда облысында қарқынды іске асырылып келеді.

Бағдарлама жоспарына сәйкес, өңірдегі 284 жалпы білім беретін мектептерде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмысы ұйымдастырылып, жастардың бойында өнегелілік, жауаптылық, бастамашылдық, патриоттылық сынды қасиеттер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы кешенді шаралар қолға алынды.  Қазіргі таңда клуб құрамында  5 жарым мыңнан аса мүшелері бар.

Ағымдағы жылдың 14 сәуірі күні облыстық №4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары қауымдастығының алғашқы рет облыстық І слеті өтті. 500-ден аса клуб мүшелерінің қатысуымен өткізілетін кең көлемдегі шарада облыс оқушылары облыстық «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары қауымдастығының қатарына салтанатты түрде қабылданып, төсбелгілер тақты.

Шараға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы А.Мұхимов, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қ.Ерташова, Қызылорда қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары және клуб мүшелері қатысты.

  

Слет барысында облыстық «Адал ұрпақ» клуб ассоциациясы құрылып, білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Қызылорда облыстық білім басқармасының басшыларымен меморандумға қол қойылды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.