Home » Жас қалам » Мамандығым – мақтанышым!

Мамандығым – мақтанышым!

        – Еуразияның төріне өзінің көк туын тіккен тәуелсіз Қазақстанның жалынды жастарының бірімін. Бала кезімнен есеп-қисапты, логикалық есептерді шығарғанды ұнататынмын. Уақыт өте келе математика сүйікті пәніме айнала бастады. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ математика саласына деген қызығулығым арта түсті. Сондықтан келешегімді осы ғылым саласымен байланыстыруға бел будым. Қазіргі таңда М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің «Физика-математика» кафедрасының физика пән мұғалімі мамандығының 1 курс студентімін. Колледжіміздің білім беру сапасы бүгінгі таңда жоғары деңгейде екеніне көзім жетті. Оған дәлел 2015-2016 оқу жылында облысымыздың әкімі Қырымбек Елеуұлы мен «Katev» халықаралық қорының президенті Дархан Ермаханұлы өзара меморандумға қол қойып колледжіміздің базасында арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерді даярлау жұмысын қолға алған екен. Келісім нәтижесінде қазіргі уақытта физика, информатика, математика, бастауыш білім беру және мектепке дейінгі білім беру мамандықтарында оқитын білім алушылар ағылшын тілін тереңдете оқуда.
Мұның мен үшін де, елімнің болашағы үшін де маңызы өте зор. Бұл – Елбасымыздың бізге айқындап берген «үш тұғырлы тіл» саясатын ұстана отырып, елімізді бәсекеге қабілетті ел ретінде таныту жолында бізге сеніп артылған үлкен жауапкершілік. Сонымен қатар, бұл – дамыған елдердегі ғылым тілін түсіну, олармен тереземізді тең ұстауымыз қажет. Жарқын болашағымыз үшін сапалы білім алып, аянбай еңбек ету қажет екені барлығымызға мәлім. Елімнің болашағы үшін білікті ұстаз атанып білімді ұрпақ тарбиелеп, елімнің гүлденуіне үлес қосу менің басты мақсатым.

Қабылбек Мауыты
М.Мәметова атындағы Қызылорда
гуманитарлық  колледжі
«Физика-математика» бөлімі
Ф-З-16 топ оқушысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.