Home » Жаңалықтар » ҚР заманауи білім беруінің даму векторы

ҚР заманауи білім беруінің даму векторы

Қазіргі әлемде және адамның өзінде болып жатқан жаһандық өзгерістерге байланысты білім беруді өзгерістуді ойлану қажет. Бірақ, оған қол жеткізу үшін бірінші кезекте, біз мұғалімдер өзгеруіміз керек.

2017 жылғы 2 мамырдан 20 мамырға дейінгі аралықта «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ»  базасында  ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында орыс тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған біліктілік арттыру курсы өткізілді.

Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясындағы, орыс тілі мен әдебиеті бойынша оқу процесін жобалаудың дағдыларын жетілдіру, осы курстарды оқытудың мақсаты болып табылады.

Курстар пәнге жаңаша тұрғыдан қарап, үлкен энергия қуатын алуға мүмкіндік беріп, өзінің мазмұндылығымен, жұмыс түрлерінің жаңашылдығымен ұнады.

«Өрлеу «БАҰО» АҚФ СҚО бойынша ПҚ БАИ» Петропавл қ., жоғары білікті тренер — Шолпан Кабижанқызы Амержанованың арқасында, тыңдаушылар жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымы, мақсаттары мен міндеттері бойынша жеткілікті білім алды.

Сауатты әзірленген тренингтер мен практикалық сабақтар арқылы оқушылардың оқу-танымдық қызығушылықтарын дамыту үшін тыңдаушылар сабақты модельдеуде белсенді әдістерді пайдалануды үйренді.

Тренердің құзыреттілігінің арқасында топтық жұмыстар кезінде біз бағдарламаның барлық идеяларын «өзіміз арқылы өткізген кезде» біздің түсінгеніміз, білім беру үдерісіне өз көзқарасымызды өзгертуіміздің қажеттілігі туындайды.

Енді, біз біліктілік арттыру курстарынан өткенде, ескірген оқыту әдістерінен алшақтауға көмектесетінін, тек тиімді және назар аударуға тұратын белсенді әдістерді қолдануға, танымдық оқу үдерісіне жағдай жасайтынына, оқушылардың жағымды уәжін арттыратынын сеніммен айта аламыз.

№ 65 топтың тыңдаушылары:

Н.Ю. Дягтерева,  Е.В. Бацких

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.