Home » Жаңалықтар » Отбасындағы жылулық

Отбасындағы жылулық

Бала біздің тіршілігіміздің жалғасы, өміріміздің мәні. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» деген сөз тегін айтылмаса керек. Сондықтан бала тәрбиесіне үлкен мән беру әрбір ата ананың міндеті. Бала отбасында қандай тәрбие алса сонымен нәрленіп өмір сүреді. Балаларға отбасы құндылықтарын түсіндіру әрбір адамның борышы. Сол мақсатта Сәтпаев қаласындағы №29 «Балдәурен» бөбекжай балабақшасының «Алақай балақай» ортаңғы «В» тобында «Қатынас, Таным, Әлеумет, Шығармашылық» білім беру саласы бойынша кіріктірілген ұйымдастыру іс әрекеті өтті. Сабақ тақырыбы «Отбасындағы жылулық» болғандықтан ата-аналардың сабаққа тікелей қатысуы арқылы өтті. Сабақта балалар отбасы құндылықтарын, ата-ананың қадірін, олардың сүйіспеншілігін, қамқорлығын сезініп, ата-ананы сыйлап құрметтеу керек екенін, Отан отбасынан басталатынын түсінді. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан  әр ұлт өкілдерімен татулықта бірлікте, достықта өмір сүру керек екенін достық қарым қатынасты нығайту керек екенін атап өтті. Балалар Отан туралы, отбасы туралы тақпақтарды, мақал мәтелдерді үш тілде айтып отбасы туралы слайд жасап, ата-аналарымен бірге гениологиялық ағаш жасады. Балалар ата-аналарына өз сезімдерін жеткізсе, ата-аналары балаларына сүйіспеншіліктерін жеткізді. Ата-аналар өз балаларының білім деңгейін қадағалап өздері де сабаққа араласып сұрақтарға жауап беріп сабақтан үлкен әсер алды. Біз бұдан елімізде Отанын сүйетін, отбасын қадірлеп қастерлейтін ұрпақ өсіп келе жатқанын аңғарамыз да қуанамыз. Ендеше ұлдарымыз ұлықты, қыздарымыз қылықты болсын ағайын.

         Мусаева Гүлжанат Дөңесбайқызы, тәрбиеші

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.