Home » Ашық сабақтар » «ҚОШ КЕЛДІҢ – ӘЗ НАУРЫЗ!» (ортаңғы топ балаларына арналған)

«ҚОШ КЕЛДІҢ – ӘЗ НАУРЫЗ!» (ортаңғы топ балаларына арналған)


Целиноград ауданы
білім бөлімі
«Әсем-Ай» экологиялық
балабақшасы
ның тәрбиешісі Таменова Жанар Илясқызы

Мақсаты: Наурыз туралы  түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей  білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Армысыздар ата-аналар, қонақтар, балалар! Бәріміздің асыға күткен «Ұлыстың – ұлы күні!» наурыз  мерекесімен  шын  жүректен құттықтаймыз. «Гүлдер»  аулының,  «Қош келдің – Әз Наурыз!» атты мерекесін тамашалаңыздар.
Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы. Наурыздың 22-де күн  мен түннің теңеліп, жер жаңарып, көк  шығып, төрт  түлік  мал түлеп,  көктем келіп, тіршіліктің бастауы, яғни қазақтың жаңа жылы – Наурыз   мерекесі.

Жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік, жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық!
Ән: «Қош келдің төрлет Наурызым!»         
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Сендермен  «Ормалды қағып ал, сөз жалғасын тауып ал» ойынын  ойнағым келіп тұр. Қане, олай болса ортаға шығайық.
Ойын: «Ормалды қағып ал, сөз жалғасын тауып ал!»
Жүргізуші: Ұлы оң болсын,
Саяна:
Ақ мол болсын.
Жүргізуші: Ұлыс бақты болсын,
Мұхаммед: Төрт түлік ақты болсын.
Жүргізуші: Ұлыс береке берсін,
Әлихан:       Бәле-жала жерге енсін.
Жүргізуші: Бір тал ексең,
Аблайхан:    Он тал ек.
Жүргізуші: Атаңнан мал қалғанша,
Самира:      Тал қалсын.
Жүргізуші: Бұлақ көрсең,
Фариза:      Көзін аш.                                                                                                                                                                                                                                           Жүргізуші: Енді біздің кішкентай ұлдардың  мерекеге арналған жыр-шумақтарын  қабыл  алыңыздар.

Әлінұр: Ата-бабам тойлаған,
Наурызым армысың!
Қызығына тоймаған,
Жаңа жылым бармысың .

Нұртөре: Осыншама жақсылық ,
Алып келген Наурызым.
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің.
Жалғас: Көлдің мұзын күн тесті,
Әппақ тонынын жер шешті
Жан-жақтан күн күркіреп,
Жаңбыр жауды сіркіреп.
Нұрасыл: Ашылды да кебеже,
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге,
Жеті түрлі ас салды.
М.Мирас: Арпа бидай бастаған,
Жеті дәмнен аспаған.
Наурыз көже ежелден,
Бұл тойдағы бас маман.
Мансұр: Бата беріп апамыз,
Бата беріп апамыз.
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татыңыз.
Ердан: Жақсылыққа бас болып,
Алдымызға ас болсын.
Келген Наурыз құт болсын,
Берері тағы мол болсын.
Әлихан: Жылдың басы Наурыз,
Жырдың басы Наурыз.
Наурызға арналсын,
Бүгінгі жыр әніміз
Алдар Көсе: Мен Алдармын, Алдармын,
Балалармен ойнаймын.
Ренжітер сәбилерді ,
Тентектерден қорғаймын.
Құтты болсын Наурызым!
Қарным тойған күлкіге,
Базарлығым тағы бар,
А-а-а-а-а-а-а-а-а-а .
Жүргізуші: Қош келдің, Алдар Көсе  балаларымыздың өнерін  бірге тамашала.
Алдар Көсе: Ия дұрыс айтасыз, балалардың өнерін тамашалап, күштерін сынауға келдім. Балалар мен сендермен күш сынасқым келіп тұр. Қане күштеріңді байқайық.                                                                                                                                               (ортаға балалармен күш сынасуға шығып, қол күрестіреді)
Ойын: «Кім күшті?» қолмен күш сынасу.
Алдар Көсе:
Байқаймын баллалар, шетінен мықты екен, мені жеңіп қойдыңдар.
Жүргізуші: Олай болса балаларымыздың «Жігіттер» биін  тамашалаңыздар.
Би: «Жігіттер» ұлдар биі
Жүргізуші:
Қазақ халқы өнерге бай  халық, «Сөзбен айқасу бәрінен де күшті» — деп халық бекер айтпаса керек. Алдарыңызға біздің кішкентай айтыскер ақындармыз «Жұмбақ айтысын» ортаға ала келді, қарсы алыңыздар.

   Айтыс: Алмас пен Тұмар (Еркем-ай әуенімен)
Алмас:
Айналайын халқым-ай,
Тұмар: Айналайын, халқым-ай,                                                                                             Құтты болсын салтың-ай.
Болсын жүзің жарқын-ай.
Шықтық біздер жырлауға,
Ата салтын сақта деп,                                                                                                     Қазағымның салтын-ай.
Ұран етем жалықпай.                                                                                                                                            Алмас: Айтсам егер жаңылтпаш,
Тұмар:  Қына тасқа бітеді:
Жаңыласың қалқам-ай,
Білім басқа бітеді.
Жұмбағыңды шеше алмай,
Жұмбағыңды шешеуге                                                                                                                                                                                                 Қиналасың қалқам-ай.
Білім бізде жетеді.
Алмас: Төбедегі көзінен
Тұмар:  Үйлеріндей қаланың
Күн сәулесі түседі
Бөлек-бөлек бөлме жоқ
Бұрышы жоқ төрінде
Макетіндей даланың
Самал еркін еседі
Болады ол дөңгелек
Біліміңді көрейін
Қазағымның үйі ғой.
Жауабын кім шешеді.
Тазша бала: Уа, Алдар Көсе, сені іздеп жүрсем сен балалармен жүр екенсің.
Ей балалар, балалар,
Енді маған қараңдар!
Наурыз тойын тойлайық
Қызық ойын ойнайық.
Ойын: «Қыз қуу» ойыны 
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, келіңдер қыздар «Наурыз –Думан» биін  билеп  берейік.
Би: «Наурыз-Думан!» қыздар биі
Жүргізуші:
Енді осы кышкентай өнерлі балаларымызды өмірге акеліп, өнерін тамашалауға келген және де бізге көмектерін аямаған ата-аналармен «Сыр-сандық» атты  сұрақ-жауап өткізсек.
Сұрақ-жауап: «Сыр-сандық» Ата-аналарға араналған сұрақтар:
— Өмірде не тәтті?   (Ананың сүті)
— Өмірде не қымбат?   (Бала, Отан)
— Жыл басы?    (Наурыз)
— Қасиетті сан?   (Жеті саны)
— Өмірде не жұмсақ?  (Ананың алақаны)
Жүргізуші: Бүгінгі тойға алыстан ат терлетіп, аса қадірлі қонағымыз Қыдыр ата келді.  Қыдыр ата жоғары шығып, төрлетіңіз, балалардың өнерін тамшалаңыз.
Қыдыр ата: Амансыңдар ма, балаларым!
Наурыз мерекесі құтты болсын! Әр отбасына құт-береке әкелсін!                                                                                              Жүргізуші: Енді біздің кішкентай қыздардың  мерекеге арналған жыр-шумақтарын  қабыл  алыңыздар.
М.Жанель: Әнім де саған биімде саған,
Құт қонақ өзім үйімде.
Қуаныш силап еліме,
Күлімде Наурыз, күлімде!
Медина: Наурыз күні той думан,
Ортамызды ашайық .
Ән мен күйді төгіп,
Биден шашу шашайық .
Ұлжан: Армысыздар халайық,
Әркез аман болайық.
Наурыз тойын әр жылда,
Бірге қарсы алайық.
Аружан:  Наурыз тойы береке,
Наурыз тойы жыр-аңыз.
Қызық думан мереке,
Қызық думан құрамыз.
Жанбота: Наурыз келді балалар,
Көктемде күн жағалар.
Наурыз тойын тойлайық ,
Қызығына тоймайық.
Ж.Жанель: Көктем, көктем, көктемде,
Құстар келіп жеткенде.
Біз қуанып қаламыз,
Наурыз әнін саламыз.
Жүргізуші:
Олай болса  «Құтты болсын – Әз Наурыз!» атты  әнімізді қабыл алыңыздар.
Ән: «Құтты болсын – Әз Наурыз!»
Жүргізуші:
Балалар, «Қаз-қаз балам, қаз балам,
Қадам  бассаң мәз болам»  деп қазақтың кандай салт-дәстірінде айтылады ?
Балалар: Тұсау кесерде.
Жүргізуші : Дұрыс айтасыңдар балалар,  ал олай болса кім айтады «Тұсау кесу» дегеніміз не және немен кеседі?
Балалар: Сәбиді қаз тұрғаннан кейін, тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын салт-дәстүр.   Ала жіппен кеседі, шөппен кеседі, тоқ ішекпен кеседі.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, жақсы біледі екенсіңдер. Ал олай болса, біз бүгін ортамызға, Ақ жаулықты әжеміз  немересіне , «Тұсау кесу»  рәсімін өткізеді. Бәріміз бірге тамашалайық.

                    

 Салт-дәстүр: «Тұсау Кесер»                                                                                      Аяна: «Қаз-қаз балам, қаз балам,                                                                                             Қадам бассаң мәз болам.     
Тағы, тағы баса ғой.                                                                                                     Тақымыңды жаз, балам.                                                                                                                  Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың! («Тұсау кесер»  жырынан)
Жүргізуші: Құрметті  қонақтар, бүгінгі Наурыз мерекесіне  арналған  «Тұсаукесер» тойының  батасын  Қыдыр атамызға жолдаймыз.
Қыдыр ата:
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын,
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
(бата беріліп,шашу шашылып, дәм татуға шақырамыз)   

                                                                                                                                                                                   

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.