Home » Жаңалықтар » «Қош келдің наурыз» — балабақшадағы іс-шаралар

«Қош келдің наурыз» — балабақшадағы іс-шаралар

Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Қазіргі жас бұын, бүлдіршіндер -мемлекетіміздін мығым тірегі»,-деп атап көрсеткендей жас ұрпақтың жан-жақты қалыптасуының негіздері мектепке дейінгі мекемеден бастау алады. Біздің «Шолпан» бөбекжай балабақша бұл  бөлек әлем, гүлденген қоғал. Ұзақ жылдар жасағандығына қарамастан, балабақшаның әр кірпіші, әр бұрышы ешқашан ескірмейтін мейірім мен суйіспеншіліктен турады. Жас ұрпақты тәрбиелеуде, сапалы білім беруде, баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына педагогтарымыз аянбай еңбек етуде. Балалардың күлкісімен мейірімі арқасында біздің балабақша жыл өткен сайын гүлденіп, көркейіп, жасара түсуде. Балабақшамызда жыл бойы жоспарланып, өткізіліп жатқан мерекелер мен іс-шаралар мол. Атап айтар болсақ жақында ұлыстың ұлы күніне арналған «Қош келдің Наурыз» атты мерекелік шара өткізілді. Ұжым қызметкерлері мерекені той-думанмен, ойын күлкімен, ән-жырмен атап өтті. Ұжым қызметкерлері екі топқа бөлініп «Бесікке салу», «Тұсау кесер» салт дәстүрлері көрсетілді. Кең дастархан жайылып, ұлттық тағамдар әзірленді Келген қонақтар наурыз көжеден дәм татты.

Жыл басы-Наурыз келді көркімен,

Қарсы аламыз ата-баба салтымен.

Төс қағысқан ағайын-жұрт қуанып,

Құттықтауда бірін-бірі Наурызбен.

 

Альфия Ибрагимова

Мырзакент кенті,

«Шолпан» бөбекжай

балабақшасының  әдіскері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.