Сабақтың мақсаты: 1. Дос туралы жақсы пікір, түсінік қалыптастыру. 2. Досты бағалай, қадірлей білуге тәрбиелеу. 3. Сенімді және адал дос таба білуге, олардың мейірімділік, сыйластық, т.б. сезімдерін ояту.
Сабақтың көрнекілігі: дос туралы нақыл сөздер, суреттер, АКТ, карточкалар.
Сабақтың барысы:
- «Қос шеңбер». Қол ұстасып, екі шеңбер бір- біріне қарама-қарсы дөңгеленіп тұру.
Қане ұста қолыңды,
Ойнайықшы орынды.
Өкпелесіп не керек,
Көрсет досым соныңды.
Топқа бірге кірейік,
Дөңгеленіп жүрейік.
Достастықтың белгісі,
Кел, қосылып күлейік.
Бір-біріне жылы тілектерін айтып өтеді:
- Сенімді дос болуынды тілеймін
- Жан досыңды ешқашан сатпауыңды тілеймін
- Досыңды бағалай білуіңді тілеймін
- Қиын шақта қолдайтын дос тілеймін
- Әрқашан татулықты тілеймін
- «Ойланайық, пікірлесейік».
- «Дос» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
- «Дос» болу үшін адамдар қанша уақыт бірін-бірі білуі керек?
- «Дос» болуы үшін ата-ананың келісімі керек пе?
- Досыңды ренжітсең, қалай татуласар едің?
- «Достықтың» қанша түрі бар?
Ән «Достар» бәрі бірге
«Біліп, жүрейік».
Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сыры мен мұңын тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қай кезде де, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Иә, дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Өйткені, ақымақ үшін достық қандай болу керек екені бәрі бір. Ал ақылды адам достық қандай болуы керек екенін біледі. Өйткені, достық – әншейін дос тапқысы, дос болғысы келгендіктен емес, бір-бірін түсінетін, жан жүрегі қалаған, көзқарасы мен ой-өрісі үйлескен, мінездері сыйымды, мейірімді, ақылды, дос табуға тырысып, оны талғайды. Дос досты ешқашан сатпайды. Себебі, достық сезім – мәңгілік.
Достықтың қанша түрі бар?
Достық – бірін-бірі ұғысып, түсінісетін адамдар арасында ғана қалыптасады. Дос туралы жырламаған ақын, айтпаған әнші жоқ. «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болғаны артық» деген мақал тегін айтылмаған. Шынында да жүз досың болғанға не жетсін. Достық туралы Әйтімбет шешеннің айтқан сөзі. Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастыры:
- Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет шешен:
- Достық екі түрлі болады. Бірі – адал, екіншісі – амал достық,-дейді.
- Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз?-дегендерге:
- Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, — деп жауап берген екен Әйімбет шешен.
Достық – адам өмірінің өзегі. Өз жақын досыңа көмектесу – парыз. Дана Абай да достық туралы:
— Жүрегі жұмсақ білген құл,
Шын дос таппай тыншымас.
Пайда, мақтан бәрі тұл,
Доссыз ауыз тұщымас, — деп жырлады.
Бұл даналар сөзі келер ұрпаққа үлгі болары күмәнсіз.
- Шығармашылық жұмыс.
а) Достыққа қатысты мақалдың жалғасын табу.
1) Дәмді болса – достық қымбат,
— — — — — — — — — — — — — — — Мәнді болса – жастық қымбат.
2) Дос жылатып айтады,
— — — — — — — — — — — — — — — — — — Дұшпан күлдіріп айтады.
3) Дос көңілді суытып айтады,
— — — — — — — — — — — — — — — — — — Қасың ойыңды жылытып айтады
4)Доспен дос болғанша шаттан,
— — — — — — — — — — — — — — — — — — Дұшпанмен дос балғаннан сақтан.
5) Дос ажарың, — — — — — — — — — — Жолдас базарың
6) Дос басқа қарайды, — — — — — — — — Дұшпан аяққа қарайды.
б) «Құндылық құнын ұғыңдар» (карточкамен жұмыс)
Достарынңың ең сыйлысы ______________________
Ең қымбатты ________________________________
Ең ақылды ___________________________________
Ең сүйкімді _________________________________
Ең құрметті __________________________________
Ең құнды _____________________________________
Ең бағалы ____________________________________
Ең білімді ____________________________________
Ең қажетті _________________________________
- Қорытындылау:
Жолдас, құрбы-құрдас, адал дос таба білуге, яғни Мұса Жәлел айтқандай:
«Шын дос үшін қалайда
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда
Досың менен қасыңды»-деп сабақты аяқтау.
Кузьминых Наталья Дмитриевна
Алматы облысы, Жамбыл ауданы,
Үлгілі ауылы, Үлгілі орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі