Home » Жас қалам » ҚОС ҚҰРБЫ

ҚОС ҚҰРБЫ

Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі — достық. Әр адамның  ес білгеннен  бастап-ақ ішкі мұңын, сырын бірге бөлісер жақын досы болатыны анық. Жүздерінен нұр төгілген  Арай мен Гүлмира да мектеп қабырғасынан бастап-ақ жан құрбылар.

Бүгінде олар Ы.Алтынсарин атындағы РӘГК-нің үшінші курс студенттері. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдері.  Қос құрбының достығы мектептен басталып, колледжде де өз жалғасын тапты.

Екеуіңнің бірге бір мамандықты таңдауларыңды сәйкестік деп түсінуге бола ма деп сұрағанымда: «Мен 9 сыныпты оқып жүріп-ақ,  осынау білім ордасында оқимын  деп шешкен болатынмын. Кейін  құрбым Гүлмираның да осы оқу орынды және «Бастауыш білім беру» мамандығын таңдағанын үлкен сәттілік деп түсіндім. Себебі, жақын достардың бірге бір топта білім алуы достықты одан әрі  нығайта  түспек», — деп ағынан жауап берді  Арай.

Ал, Гүлмира ұлы ағартушының есімін иеленген РӘГК-де оқып жүргеніне ерекше  қуанышты екенінін жасырмады. Себебі, аталмыш  оқу орны облысымыздағы ең байырғы және беделді  болып саналады. Мұнда сапалы білімді меңгеруге барлық жағдай жасалынған. Тек дана, дара  Абай атамыз айтпақшы, талап, еңбек, терең ой қажет,- деп  атап өтті.

Ең қызығы, қос құрбының сабаққа дайындалмай келмеген күнін көрген емеспін. Үнемі қолдарын көтеріп, білімге қызығушылық танытып отырады. Гүлмира оқу үлгерімімен үздік болса, ал Арай да одан қалысар емес. Ол да сабағын 4-5 ке оқиды.

Өздері өте ізденімпаз, мұғалімнің айтқан тапсырмасын  бірден орындайды. Елгезек қыздар топтың ішінде бірден көзге түседі. Өйткені, олар сабақтарын жақсы оқып қана қоймай, колледждің қоғамдық жұмыстарына да белсене қатысады. Соның бір дәлелі қос құрбының «Жас қаламгерлер» үйірмесіне ерекше белсенділік танытып, үнемі  басылым беттерінен тырнақалды туындыларын  жариялап отыруы көңілді марқайтады.

Бағыттары айқын, жазу өнеріндегі  алғашқы қадамдары да жаман емес.

Арай мен Гүлмира топ ішінде беделді, ізденімпаз, еңбекқор студент жастар. Олардың болашақта  өз мамандықтарының хас шебері болатынына сенімім мол.

Тәуелсіз Қазақстан білімді жастарымен мақтанады. Осындай қос құрбыдай білімге құштар, талапты да талантты жастардың қатары көбейген сайын Қазақстанның болашағы жарқын, келешегі кемел болмақ.

 

Базарбаева Индира
Ы.Алтынсарин атындағы РӘГК-нің
Бастауыш білім беру» мамандығының 3-курс студенті

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.