2017 жылдың 1 қарашасынан бастап «Өрлеу» ҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» филиалында Кембриджден келген тренер, тәжірибелік теоретик Neil Brannon өз жұмысын бастады. Тренер «Формирование предметной и коммуникативно-языковой компетентности учителей в условиях обучения на трех языках» атты 4 айлық курс аясында бір ай шеңберінде біздің облыс мұғалімдерімен өз тәжірибесімен және
жаңа әдіс-тәсілдерімен бөліседі. Бағдарламаны «Өрлеу» «БАҰО» жоғары сыныптарда жүргізілетін жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» пәндерін оқытатын жоғары сынып мұғалімдерін оқыту үшін жасаған. Бағдарлама 3 модульден тұрады. Алғашқы екі модульді арнайы дайындалған біздің тренерлеріміз оқытады. Үшінші модульді «Өрлеу» «БАҰО» тарапынан партнерлік қарым-қатынас жасалған тренерлер, Кембридж университетінің өкілдері оқиды. Neil Brannon бағдарламаның эксперті, ағылшын тілі оқыту және зерттеу саласында әлемдік білім беру кеңістігінің жетекші маманы Bob Leeмен бірге жұмыс жасайды.
Үшінші модульде фокус пәнді ағылшын тілінде оқытуға бағытталған «Communicative Language Teaching Methodology» – Коммуникативті тілді оқыту методикасы — шетелдік тренер мұғалімдерді осыған үйретеді.
Neil Brannon – ауқымды пайдалы ақпаратты жеңіл, қызықты және қолжетімді жеткізе алатын тәжірибелі теоретик.
Міндеттер анық, зерттелген мәселелер жақсы сипатталған, талдау мен шешу жолдары айғақ. Қызметтің барлық түрлері пайдаланылады: теориялық ақпарат, практика мен практикалық тапсырмалар.
Жаңа әдіс-тәсілдер жеңіл түрде берілген: ұзақ мерзімді білімді қалыптастыру үшін қажетті адамзаттың ойлау қабілеті мен принциптерін көрсетеді.
Зубкова О.С.,
ББҮППҚ кафедрасының аға оқытушысы