Home » Жас қалам » Қасиетті тілім

Қасиетті тілім

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,

Қымбат маған дана тілім, ар тілім.

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім – ардақ тұтар алтыным.

 

Ана тілім, жырлап өткен талайлар,

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.

Қасиетті менің ана тілімде,

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

Дәрібай Ақдана

Талдыбұлақ ЖОББМ

4-сынып оқушысы

Қарағанды облысы

Жаңаарқа ауданы, Ескене ауылы

Жетекшісі: Сақабаева Салтанат

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.