Home » Мақалалар » Қалалық дәстүрлі жиын

Қалалық дәстүрлі жиын

«Білім мен еңбек бәрін де жеңбек» демекші, 2017 жылы қазан айының 5-ші жұлдызында Астанамыздың төрінде Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында халықаралық «ұстаздар күні» мен «еңбек күні» біріккен мерекелік жиын өтті. Әрине, бұл мерекелердің бірлесе аталып өтуінің мәні зор. Себебі, таңның атысынан кештің батысына дейін жас ұрпақтарымыздың білімі мен тәрбиесіне қатысты жауапкершілік міндеті – еңбектің арқасы. Әр оқу жылының басында Қазақстан Республикалық Білім басқармасы және білім қызметкерлерінің «Әділет» кәсіподақ ұйымы төрайымдары мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, түрлі номинация бойынша құттықтап, қаржылай сыйақы бөліп, үздік ұстаздарға ілтипаттарын білдіре отырып, ұжымдық шарт жұмыстарын пысықтап өтеді. Әрине, дәстүрге айналған мұндай мерекелік жиынға жылда жаңа мамандар да қосылып отыратыны белгілі. Сол үшін де жас мамандарға үлгі әрі талаптандырар жиын деуге болар. Мерекелік жиынға Астана балабақша, мектептері, колледждерінің кәсіподақ төрайымдары қатысты. Өткен аптаның ішінде Астана мектептері бойынша «Ұстаздар күні» мерекесі аталып өткенін айтсақ, бүгінгі мерекенің өзектілігі – ұжымдық шарттың көп талқыланатын сұрақтарының бірі де бірегейі – еңбек шарт пен қаржы мәселесі, мұғалімдердің өзара қарым-қатынасы, ата-ана, балалармен сөйлесу туралы жалпылама тоқталып өтілуі. «Темірді қызған кезінде соқ» дегендей жылына бір рет өтілетін жиында көзбе көз ескертулер жөн-ақ. «Әділет» білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Наурызбаева Балсұлу Мұзапарқызы: «Кейбір мекемелерде басшы өзгерсе жаңа еңбек шарт бастайды. Бұл дұрыс емес. 20-25 жыл мектепте жұмыс істеді ме, сол еңбекшартта жазылу керек. Тек қана қосымша жалақысы өзгерсе, сабақтары өзгерсе, соны еңбекшартқа енгізу керек, бұл бір. Екіншіден, қаржы туралы да оңды-солды шашылмауын бақылау. Үшіншіден, Елбасы айтқан – «этика жөнінде орган ашуды» мектеп мұғалімдеріне де ашу керектігін» қадап айтты.

Ал мерекелік жиынды қорытындылайтын болсақ, мерекенің жоғары дәрежеде ерекше өтуін Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының төрайымы Рамазан Балжан аталмыш мектептің өнерлі жастарының ән, биімен аяқтады. Номинация бойынша тізім:

Білім және ғылым қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағы «дипломы»:

 

А. Ғ. Садырбаева — №22 мектеп-гимназиясы, кәсіподақ комитетінің төрайымы

С. М. Айтмағанбетова — №58 мектеп-гимназиясы, кәсіподақ комитетінің төрайымы

А. Қ. Құдайбергенова — №71 мектеп-гимназиясы, кәсіподақ комитетінің төрайымы

Т. К. Банчило– № 2 «Ясли – балабақшасының» кәсіподақ комитетінің төрайымы

Б.С. Әбілдина — № 43 «Ясли – балабақшасының» кәсіподақ комитетінің төрайымы

Г. К. Әбішова — №71 мектеп-гимназиясы кәсіподақ комитетінің төрайым

 

«Әділет» педагогтер кәсіподағының дипломы:

А. А. Исаханова — №24 орта мектеп, кәсіподақ комитетінің төрайымы

Н.Қ. Абадилов — №31 мектеп-гимназиясы, кәсіподақ комитетінің төрайымы

А. А. Жұмақанова — №34 орта мектеп, кәсіподақ комитетінің төрайымы

Л. А. Ақылова — №39 кешкі мектеп, кәсіподақ комитетінің төрайымы

Г. Ж. Әбілмажинова — №45 орта мектеп, кәсіподақ комитетінің төрайымы

М. А. Уктаева — №52 мектеп-гимназиясы, кәсіподақ комитетінің төрайымы

Г. Ш. Қожахметова — №1 «Ясли – балабақшасының» кәсіподақ комитетінің төрайымы

Н. В. Шитик — №20 «Ясли – балабақшасының» кәсіподақ комитетінің төрайымы

Г. Ж. Әбілханова — №25 «Ясли – балабақшасының» кәсіподақ комитетінің төрайымы

Г. К. Алиева — №46 «Ясли – балабақшасының» кәсіподақ комитетінің төрайымы

Б. А. Кукурбаева — №53 «Ясли – балабақшасының» кәсіподақ комитетінің төрайымы

Ж. А. Белгібаева — №44 «Ясли – балабақшасының» кәсіподақ комитетінің төрайымы

 

Білім беру департаментінің дипломы: 

С. М. Чучумова — №27 мектеп-лицейі, кәсіподақ комитетінің төрайымы

О. Т. Ибраева — №51 мектеп-гимназиясы, кәсіподақ комитетінің төрайымы

А. З. Мустафина — №53 мектеп-лицейі, кәсіподақ комитетінің төрайымы

Г. Ж. Қасенова — №54 мектеп-лицейі, кәсіподақ комитетінің төрайымы

М. М. Япиева — №19 «Ясли – балабақшасының», кәсіподақ комитетінің төрайымы

Жансая Мұстафина

                                                                                                                             Білім айнасы

                                                                                                               Астана

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.