Home » Жаңалықтар » Қайырымдылық іс-шара

Қайырымдылық іс-шара

                      

 

24 тамызда EXPO-2017 халықаралық көрмесінде Ақмола облысы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған іс-шара өтеді. Қайырымдылық акция көрмеге қатысушы елдердің ұлттық павильондары, сондай-ақ, Expo-ға қатысып отырған корпоративтік компаниялар тарапынан қолдау тауып отыр.

«АЯЛА» қайырымдылық қоры және «Шелл Қазақстан» компаниясы Нидерланд Корольдігі павильонымен бірлесе Ақкөл ауданы Урюпинка ауылындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 құрамдастырылған балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап қайырымдылық іс-шараны өткізуде.

Балаларға арнап EXPO-2017 көрмесі аумағында арнайы бағдарлама ұйымдастырылатын болады. Ұйымдастырушылардың дайындаған «Болашақ энергиясын іздеу» атты танымдық ойын-сауық квесті аясында балалар EXPO-2017 көрмесіндегі сан алуан павильондарға барып, жасыл технологиялар жөнінде кеңінен ақпарат алатын болады.

Квестке 45 бала қатысып, олар 9 топқа бөлінеді. Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен, кәдесыйлармен марапатталады. Сондай-ақ, балаларға арнап әртүрлі шығармашылық байқаулар және ойындар дайындалып отыр. Кешке жарыс қатысушылары «Нұр Әлем» павильонына экскурсия жасайды.

Іс-шара спикерлері:

  • Нидерланд павильонының комиссары Ханс Дриссер;
  • Нидерланд Корольдігінің елшісі Дирк Ян Коп;
  • Қазақстандағы «Шелл» концернінің төрағасы Данкан ван Берген;
  • «АЯЛА» қоры президентінің кеңесшісі Салтанат Асқарбекқызы.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.