Home » Жаңалықтар » Болашақ жеңімпаздар

Болашақ жеңімпаздар

   

Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Сандықтау ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ спорттың 7 түрі бойынша мамандандырылған. Олар: биатлон, шаңғы жарысы, гір спорты, армрестлинг, баскетбол, футбол, қазақ күресі. Мектепте 16 кәсіби жаттықтырушы-мұғалімдер жұмыс жасайды, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жыл сайын бұл мектептің оқушылары аудан көлемінен бастап, халықаралық деңгейге дейінгі спорттық шараларға қатысады. ҚР спорт шебері Владимир Прохоров 2016 жылы Ақтөбеде өткен Әлем чемпионатында гір спортынан жасөспірімдер арасында ІІ орын алса, армрестлинг спортынан ҚР спорт шебері Дмитрий Тюков 2017 жылы Қырғызстанда өткен жасөспірімдер арасында ІІ орын алған.

Сонымен қатар, тәрбиеленушілердің қатарында жоғарыда аталған спорт түрлерінен  ҚР чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спорт шеберінің үміткерлері де бар.

Бекентай Тұрлыбеков, Владислав Анастасияди, Андрей Фертых, Ульяна Донцова, Анастасия Хвошенок, Андрей Рыжак, Иван Анастасияди, Илья Дегтев, Алина Штанникова, Эрик Шефер, Валентина мен Варвара Рейтаровтар, Любовь және Елизавета Онищенколар биатлон мен шаңғы жарысынан Ақмола облысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.

Жас баскетболшылары да облыстық жарыстардың үш дүркін чемпиондары. 2017 жылы бұл спортшылар баскетболдан ҚР чемпионатында Ақмола облысының құрама командасында өнер көрсеткен.

Бұдан бөлек, гір спортынан, қазақ күресі мен футболдан да бірнеше рет жеңімпаз атанғандары бар.

Биылғы жылы жас спортшылардың арасында арнайы конкурс өткізген. Оның қорытындысы бойынша жазғы, қысқы және ұлттық спорт түрлерінен «Жылдың үздік спортшысы» анықталған.

Сандықтау спорт мектебінің жұмысының нәтижесі – бұл тәрбиеленушілерінің жетістіктері екені сөзсіз. Ерік-жігері мен еңбекқорлығының арқасында, олар спорттық жетістіктерге жетеді, әрі аудандары мен спорт мектебінің атын шығарады.

Кәсіби мерекеге орай барлық спортшыларды, жаттықтырушыларды, спорт ардагерлерін спорт күнімен құттықтап, жаңа табыстар тілейміз!

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.