Мамыр айының жақындауы түлектердің арманындағы мамандықтарды таңдауға асығатындығы бәрімізге белгілі.Түлектер Қазақстандағы ең жақсы деген жоғарғы оқу орнына түсуді мақсат етеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстандағы алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орны болып табылады. ҚазҰУ-де көп деңгейлі білім беру жүйесі өте жақсы дамыған: бакалавр, магистратура және доктарантура. Университетте еліміздің барлық аймағынан келген 20 мыңнан астам студент, сондай-ақ алыс және жақын шетелден келген студенттер білім алады.Университет білім алушы студенттің жан-жақты дамуына, өзін-өзі жетілдіруге қажетті жағдай жасау үшін бар күш-жігерін салып, студенттік өзін-өзі басқаруға, көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеуге мол мүмкіндіктер тудырады. Осындай мүмкіндіктерді ҚазҰУ өз студенттеріне көрсете отырып, еліміздің аймақтарының үздік деген түлектерінің түсуіне толықтай жағдай жасалған.Сонымен қатар,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің беделді деген 300-ден астам университеттерімен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатқан және Халықаралық, Еуропалық және Еуразиялық университеттер ассоциациясы, Дүниежүзі университеттер консоруиумының мүшесі болып табылады. Шет тілін жақсы меңгерген студенттер 6 ай бойы басқа мемлекеттің атақты университеттерінде тегін білім ала алады.
ҚазҰУ-да 16 факультет бар.Экономика және бизнес жоғары мектебі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың алғашқы бөлімшелерінің бірі болып табылады. Экономика факультеті 1949 жылы құрылды.Факультетте танымал академиктер, профессорлар мен ғылым кандидаттары білім береді. Олардың негізгі міндеті әлемдік экономиканың жай-күйін, оның перспективалары мен үрдістерін білетін жан-жақты дайындалған білімді тұлғаны дайындап шығару. Экономика және бизнес жоғары мектебінің факультетінде қаржы, есеп және аудит, экономика, менеджмент және маркетинг кафедралары жұмыс жасайды. Әрбір кафедраның өзіндік артықшылығы бар, олардың студент оқытып, даярлауда ортақ мүдде мен мақсат біріктіреді.
Менеджмент және маркетинг кафедрасының негізгі қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес студенттердің сапалы білім беруін ұйымдастыруға негізделген.Кафедрада келесідей бакалавриат мамандықтарды оқытып, «Менеджмент», «Маркетинг», «Мемлекеттік және жергілікті жерді басқару», «Логистика»; магистратура және докторантура осы аталып кеткен мамандықтарға қоса «Жобалардыбасқару», «Инновациялық менеджмент», MBA/DBA даярлайды
Барлық мамандықтардың ішінен Логистикаға ерекше мән берсек. Бұл мамандық Қазақстанда жаңадан бастау алған сала. Қазіргі таңда логистикалық орталықтар ел аймақтарында құрылып логистиканың көптеген қызметтерін көрсетуде. Алдыңғы қатарлы логистикалық фирмалар Алматы және Астана қалаларында көптеп ашылуда. Сол себепті осы мамандыққа деген сұраныс күннен-күнге артуда. Логистиканың негізгі мақсаты ең төмен қаржылық және материалдық шығындармен қажетті және оң нәтижеге қол жеткізу болып табылады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауында келесідей міндеттерді шешуде логистика саласының дамуына аса жоғары маңыздылығына тоқталды. Ол- «Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру».
Елімізде логистика жақын уақытта пайда болғандықтан, дамуының өзі белгілі-бір стимул береді.Айқын мақсаттарсыз жетістікке жету мүмкін емес,сондықтан бұл салаға деген заманауи нарықтың талабы өте жоғары. Осылайша, біздің мақсатымыз, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, инфрақұрылымдарды дамытуға және жаңа технологияларды енгізуге күш-жігер жұмсау.
Жыл сайын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і ірі халықаралық ұйымдарда жоғары лауазымдарға ие және халықаралық еңбек нарығында бәсекелестер болып табылатын жоғары білікті мамандарды шығарады.Осы университетті бітірген түлектердің көпшілігі экономиканың барлық салаларында жұмыс істейді және жарқын болашаққа сене алады. Қорыта келгенде логистика мамандары еліміздің экономикасын жоғарылатуға көмектесетін болашақтың –жаңа жас саласы.
С.К Ахметкалиева ,
т.ғ.к.,аға оқытушы
Айгерім Жұбатқанова
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Менеджмент және маркетинг кафедрасы
Логистика мамандығының 4 курс студенті
ІТ мамандығы бойынша. Қауіпсіздік маман иесі жайлы кеңінен айтып кетсеңіздер