Home » Оқу-әдістемелік материалдар » ҚАЗІРГІ САБАҚТАРДЫ ТАЛДАУ ЖҮЙЕСІ

ҚАЗІРГІ САБАҚТАРДЫ ТАЛДАУ ЖҮЙЕСІ

 Гульмира Даулетказиевна Рыскелдиева

Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияның

1-деңгейлі көшбасшы,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

Алматы қаласы

Сабақ – бұл оқыту үдерісінің ең басты, ең маңызды бөлігі. Қандай әдіс-тәсіл үйренсек те оның іске асатын табысты болатын соңғы нүктесі – сабақ. Сондықтан қазір ұстаздарымыз оқытудың Кембридждік тәсілдерінің мәні мен мақсатын түсініп, өз сабақтарында іске асырып жатыр. Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құра алатын деңгейге жетті. Деңгейлік бағдарлама аясында сабаққа жеті модульді кіріктірудің өзі мұғалімнен аса жауапкершілікті, іскерлікті, біліктілікті қажет етеді. Егер мұғалім сабағын сауатты талдай алса, онда тиімді сабақты іске асыра алады. Міне, осы жолда қазіргі жаңа форматтағы сабақтарды талдай аламыз ба? Бұл сұрақ бәріміздің көкейімізде жүргені де рас. Сондықтан мен көшбасшы мұғалім ретінде дәстүрлі сабақтарды талдаудың керекті элементтерін сақтап, жаңа жүйенің талаптарын кіріктіре отырып, сабақ талдау жүйесін жасап көрдім. Пайдаланып көрген әріптестерім пайдасы бар екенін, тіпті жаңа жүйені үйренуге алгоритм болғандығын айтты. Сондықтан басқа да әріптестеріммен жұмысты бөліскім келеді. Бастапқы бөліктері бізге бұрыннан таныс. Мұндағы өзгеріс сабақ сапасын талдау жүйесіне енді.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.