Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Қазіргі таңда білім беру жүйесінің жаңа инновациялық оқыту технологиясының тиімділігіне сүйене отырып жаңа білім стратегиясына көшуді қажет етеді.
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Бүгінгі күн тұрғысынан қарасаң, оқыту тек сабақ беру ғана емес, оқытудың басты міндеті-мұғалімнің білім беруі мен оқушының білім алу қызметтерінің біріккен, үйлескен түріне қол жеткізу. Өскелең заман оқушыны тұлға ретінде тәрбиелеуді қажет етуде. Сондықтан, оқушы қызметін басымдау етіп, үйренуші тұлға тек шәкірттер екенін ескеріп, білім беру ісін осы бағытта ұйымдастыру талап етіледі. Мұғалім сабаққа инновациялық,шығармашылық әрекетінде оқушы-ізденуші бойынша оқушының білім, білік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру арқылы оқушыға бағыт беріп, олардың іс-әрекетін, ынтымақтастығын бір бағыт, бір мақсат қою қажет.
Инновациялық технологияны мұғалім барлық оқушыларды назарынан тыс шығармауға, олардың білімдеріндегі олқылықтарын дәл мерзімінде анықтауға мүмкіндік берсе, оқушылар сабақ үстінде мұғалімдермен тең дәрежеде еркін сөйлесуге, бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік алады, үй тапсырмасын орындауға жіберетін уақыттарын өздері қызығатын істерге арнайды. Оқыту технологияларының көпшілігі ұжымдық ой қызметі негізінде баланы өз іс-әрекетінің субъектісі етуге ұмтылады, мақсатты оқу іс-әрекеті барысында нақты оқу міндеттерін шеше отырып, даму педагогикалық ықпалдың алдында алатын іс-әрекеттік оқыту тәсілі арқылы балада ақпараттық құндылықтар жиынтығын қалыптастырады.
Инновациялық технологияны биология пәнінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану тиімді. Инновациялық технологияларды сабақтарда тиімді қолдануда білім беріп қана қоймай, икем-дағды қалыптастырып ұжымдық шығармашылық іс-әрекеттер арқылы бала болашағына ықпал етіп, оның өз білімін жетілдіре отырып, өзін-өзі тәрбиелеп – дамытуына жағдай жасауға болады екен. Әр баланың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез келген сабақтың дамытушылық және тәрбиелік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану осы жүйені қолдану барысында ойдағыдай жүзеге асырыла бастайды. Инновациялық технологияларды биология сабағында пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалім мақсат-мүддесіне, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алынады.
Оқушылар тек ақпаратты қана қабылдаушы ғана емес, сонымен бірге оны өңдеп, жеткізу әрекеттерін орындайды. Бұл жағдайда оқытушының мақсаты оқушыларда қажетті ақпараттарды табу, сұрыптап, оны жүйелеу мен жеткізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Ол оқу пәнінің тақырыбын қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар мен жағдайларды байланыстыра отырып, оқушыларға жобаны жасау тапсырмасын ұсынады. Бұл тапсырманы орындау мен оны қорғау кезеңі оқушылардың топ алдындағы сөйлеу мәдениетін, пікірталас арқылы оны жүйелей білу мен өзіндік көзқарасын және ой-пікірлерін қорғай білу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай тапсырмаларды қорғау топтың алдында орындалады және олардың өзара қарым-қатынасын талап етеді. Сонымен, мультимедиялық жобаны құру-оқушыларға қажетті теориялық білім мен танымдық қызығушылықты қалыптастыруға мүмкіндік беретін тиімді әдіс болып саналады. Биология сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияның тиімділігі:
1.Оқушылардың ақпараттық өзегін таба білуі,олардың дағдысын қалыптастыру.
2.Табылған материалды сауатты және қысқаша түрде жеткізу іскерлігін дамыту.
3.Өз бетінше танымдық іс-әрекетпен айналасу арқылы құзырлығын қалыптастыру,негізгісін ерекшелей білу іскерлігін және оған сәйкесінше мәселе мен оны шешудің жолдарын анықтай білу іскерлігін арттыру.
4.Жағдаяттарды көре білу, іскерлігін дамыту және оны шешу жолдарын іздеуді үйрету.
Оқушыларға білім беруде инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде.Сонымен,ойымды қорытындылай келе биология сабағында инновациялық технологияны тиімді қолдану арқылы оқушы білімін жүйелеуге,дамытуға,таным деңгейін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Рахимжанова Гулмира Толеубековна,
Семей қаласы,
«№39 жалпы орта білім беретін мектеп »КММ
жоғарғы санатты мұғалім,биология пәні мұғалімі