ХХI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауда: «Ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән», — деп атап көрсетті. Сондықтан бүгінгі күні қазақстандық мектептің алдында үлкен міндет тұр: білім беруде жаңа әдіс-тәсілдер енгізу, зерттеулер мен жаңалық ашуда «алтын ғасырға» ену, оқытудың, шығармашылықтың әдістемелерін қайта қарау.
Мектеп оқушының — жеке тұлғасын қалыптастыру, рухани әлемін байыту, сабаққа деген ынтасын арттыру, дарындылығын дамыту – негізгі мәселердің бірі. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылығын дамыту сабақтың оқу материалын терең игеру – мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты.
Сондықтан біз оқу үрдісіне мынадай мақсаттар қойдық:
- Баланың ойлау қабілетін қазақ тілінде қалыптастыру.
- Танымдылық белсенділігін арттыру.
- Коммуникативтік қабілеттерін арттыру.
- Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Осы талаптарды іске асыру үшін оқушылардың, ойлауын дамытып, оқуға қызығушылығын көтеріп, таным әрекеттеріне көмектесу үшін зерттеу жұмыстарын бастадық.
Зерттеудің мазмұны мен әдістері.
Зерттеуге 3, 4 сынып оқушылары алынды. Жұмысымыз 2016-2017 оқу жылының қазан айынан басталып, осы күнге дейін жалғасуда.
Дәрістік оқытуға мәтін таңдағанда, коммуникативтік қатынаста, дамытушылық ой-сипаттары айқын көрсетілген, оқушының сөйлеу іскерліктерін дамыту жұмыстарына басымдылық берілетін мәтіндер алынады. Мәтіннің мазмұны терең, тілі көркем болуы керек. Оқушының сөйлеу шеберлігін дамыта отырып, ұлттық мәдениет танымдылығын қалыптастыруға көңіл аударылады. Оқушылар мәтінді талдау барысында өзара ой бөлісуге, пікір таластыруға, бір нәрсеге көз жеткізуге, сезімдерін оятуына назар бөлінеді.
Зерттеу жұмысында жекеше, жұптық, топтық жұмыс әдістері мен сабақтан тыс жұмыс түрлері де қолданылады.
Жұмыс үш кезеңнен тұрады:
1 кезең – ояту, ыңталандыру;
2 кезең – материалмен жұмыс;
3 кезең – рефлексия – пікірталас, сайыстан кейінгі ойлау.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы әртүрлі. Дәрістік оқыту мен тіл дамытуға сыни ойлауының «оқылым бағыттарының белгілері» атты стратегиясы қолданылды. Мұнда, оқушылар топтарда бола тұра, әрқайсы оқуға мәтін алады (10 минут ішінде), параққа қарындашпен белгі қойып отырады.
« + » — егер ақпарат таныс болса,
« — » — егер ақпарат таныс емес болса,
« ! » — егер ақпарат олар үшін жаңа болса,
« ? » — егер ақпарат түсініксіз болса.
Бұдан кейін олар жұптық жұмыс жасап, өздерінің мәтіні бойынша алған әсерлерімен бөліседі (2 минут).
Келесі кезең – жұптық жұмыс болғандықтан, бәрі өздерінің ойлары мен шығармашылықтарымен әңгіме туралы бөліседі ( 2 минут).
Уақыт шеңберін анықтау сыни ойлауда аса маңызды, бұл өзінің үнемді қорытындысын береді. Оқушылар уақытты үнемдеуді, бәрін тез орындауды, ең маңыздысы – шоғырлануды үйренеді.
Содан кейін әр топ өзінің ойымен тыңдаушылар алдында бөліседі.
Қорытындысында, бір әңгіме бірнеше қырынан қаралып, оқушылардың сөздік қорын молайтуға жол ашады.
Мәтінмен жұмыс, дұрыс оқудың синтагмаға бөліп оқуын болжайды. Оқылым мен жазылымды әрі қарай дамытуға біз «Ассоциация» стратегиясын қолданамыз. Бұл оқыту стратегиясы, ашық және кең ауқылымда ойлауға мәжбүр етеді. Тақтаға маңызды сөз немесе сөзтіркестері жазылады («Атамекен»), оқушылар ойларына келген бірлескен сөздерді ( 3 минут ішінде) жазу керек, бұл сөздік қорларын толтыруға ынталандырады (ат, ем, кен, мекен, ата, там т.б.)
Келесі кезеңде оқушылар сөздерді тақырыптар бойынша біріктіреді.
(5 минут). Бұдан кейін олар топтарда «кластер» суретін парақ беттеріне салады, тақтаға шығып оны қорғайды. Басқа топтар бұл мезгілде өздерінің кластерін толықтырады, қортындысында тақтада үлкен кластердің суреті шығады. Мысалы «Қазақстан» сөзін алайық.
Біздің айтайық дегеніміз, әр ойыннан кейін міндетті түрде «Рефлексияны» жүргізіп отыру керек. Бұл қорытындыларды шығарып, жұмысты аяқтау болады. Оқушылар тек сабаққа қатысып ғана қоймай, сабақ бойы өмір сүреді, өйткені, әр сабаққа қатынасушы оқушы, қызықты қатынас үрдісіне еліктейді, осы уақытқа дейінгі өзіндегі бар білімі мен біліктілігін қолдана отырып сабаққа қатысады. Олар осылай өздерінің пікірлерін проза да, немесе өлең – тақпақ түрінде, немесе «Бес тақпақта» жеткізеді.
1-жолы – тақырып (бір сөз),
2-жолы – түрін сипаттау ( екі сын есім),
3-жолы- іс-қимыл (үш сөз- немесе сын есім – немесе сөйлем).
4-жолы – сендердің қарым – қатынастарың (төрт сөз сөйлем)
5- жолы – қорытынды (бір сөз).
Зерттеудің нәтижесі: Қысқа мерзімнің өзінде (қазан айынан бері оқушылармен бірге өз жұмысымыздың қорытындысын көруге болады.
Балалардың сөздік қорлары молайып, қателік жіберуден қорықпай, оқи да сөйлей де алатын болды. Оқушыларда жұмыс жасауға ынта болды.
Қорытынды: Қазақ тілі сабақтарында сыни ойлаудың элементтерін қолдана отырып, біз оқушылармен өзіміздің бірігіп атқарған жұмыстарымыздың нәтижесін көрдік.
Әр оқушы өзінде тұлғаны танып, болып, жатқан оқиғаларды мүлде басқаша сезініп, өзіне, пәнге деген басқаша көзқарас байқалып, тілдік тосқауылды жеңуге талпынып, өзінің қабілетіне сенімділік пен оқудан тек қанағаттанушылық сезімдері артты. Оқушылардың жетістіктері білім сапасы салыстырмалы түрде динамика диаграмма арқылы көрсетіліп, салыстырылады.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Кәсіби даму мектебі. Алматы 2007 ж.
- Давид Ландис .«Новые направления в школьном обучении через исследование». Москва изд. «Наука».
Мұстафина Н.К.,
№59 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі,
Қарағанды қаласы