Home » Баяндамалар » ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

           Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалып отыр.
Функционалдық сауаттылық кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі.
Оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері. Оқу жылдамдығы мен мәтінді дәлме-дәл түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлексия мен ұғым, өмірлік мақсаттарды жүзеге асыруға арналған оқығанын пайдалану бағаланады. Бүгінгі күні функционалдық сауаттылықты  дамытуда оқытудың сындарлы тәсілінің маңызы өте зор болып отыр. Орта білім беру жүйесінде әлемдік ойлауын дамыту олардың алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы теорияға негізделген тәсіл кең тараған.
Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын, қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауды көздейді. Сын тұрғысынан ойлаудың тамырын сонау гректік Сократтық дәстүрге дейінгі 2500 жыл бұрынғы дәуірден көруге болады. Сол кездің өзінде беделді негізде алынған білімді тексеру үшін жетекші сұрақтарды пайдалану қалыптасқан: олар тиімділік, нақтылық пен логикалық сабақтастықтың талаптарына жауап бере ала ма деген сауалды білім беру саласында осындай зерттеуді бастаған алғашқылардың бірі болды, ол оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастырудың білім беру бағдарламасын тек оқушылар үшін ғана емес, қоғам үшін және барлық демократиялық құрылыс үшін тиімді болуына бағыттау керек екендігін мойындатты.
Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе толғану, ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады.  Жалпы сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың фукнкционалдық сауаттылығын дамытуда  топтық жұмыстың маңыздылығы зор деп білемін. Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында күнделікті сабағымда  топтық жұмысты жүргізіп отырамын. Ытымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Ынтымақтастық оқу – бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Бірлескен жұмыста оқушылар ақпаратты өздері игеріп, бұрынғы алған білімдерімен байланыстыра алады. Топтағы оқушылар топтың әр мүшесінің көзқарасымен танысудан пайда алады. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі. Өйткені олар түрлі көзқарасты тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыста оқушылар тек мәтіннің мазмұнын біліп қана қоймай, сондай-ақ олар бірігіп, мәтіннен қажетті ақпараттарды табу, мәтіннен ең қажетті ақпаратты табу, мәтіндегі ақпаратты жіктеу, терең мазмұнды ақпаратты табу, мәтіннен ой түю сынды тапсырмаларды орындайды. Мәтін бойынша өздерінің пікірлерін қосады. Автордың ойымен өзінің ойын салыстырады. Сабағымда қолданылатын әдістерге тоқтала кетсем, «екі түрлі түсініктеме күнделігі» оқушылар мәтінді оқу барысында олар бөліктің оң жағына әсер еткен  тұстар, үзінділерді жазады. Сол жағына әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады. Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптарын  алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, көзқарасын білдіруге лайықталып қойылғаны дұрыс. Мысалы: сіздің ойыңызда не сақталып қалды? Автор оқырманды қалай қызықтырады?, кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз? Сіз осы кейіпкерге ұқсайсыз ба? Қай жағынан ұқсайсыз? осындай кейіпкерлерден қандай үлгі алуға болады? Сіз осы кейіпкерге қандай ақыл айтасыз?
Сыныпта сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады, және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер сұрақтардың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды кең қолданылады деген пікір бар. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес сұрақтар» деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған, берілген жауап «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп бағаланады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сияқты әртүрлі тәсілдерін пайдалануға болады. Қазіргі оқыту үдерісінде бір мәселені талқылау, оған өз көзқарасын білдіру, әріптес ойымен пікір алмасу секілді жұмыс түрлеріне көп көңіл бөлінеді. Дегенмен кей жағдайда оқытушы оқушыға сұрақтар беріп, оның сөйлеуіне, мәселеге пікірін білдіруге түрткі болдым дегенмен, оқушы мүмкіндігін шектегенін байқамай қалады. Көп жағдайда  оқытушы оқушы ойын басқарады, яғни бағыт беру немесе жетекшілік етуден гөрі ол басшылық қызметіне ауысады. Бұл психологтар көрсеткендей оқушылардың мүмкіндіктерін шектейді. Оқушылардың сыни ойлауын дамытуда қай пәннен болмасын БЛУМ таксономиясын қолданған тиімді деп ойлаймын. Таксономия  грекше! taxis-орналасу, құрылыс, тәртіп және nomos заң) Таксономия олардың иерархиясын құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.Таксономия барлық оқу мақсаттары мен нәтижелері бірдей маңызға құндылыққа ие бола алмайтындығына негізделген. БЛУМ таксономиясы бойынша категориялар мазмұны, сұрақтар мен тапсырмалар түрлері: 1.Білу: таным мен ойлауы төмен деңгей.Оқушы нақты фактілерді біледі,жұмыстың орындалу ретін біледі, негізгі ұғымдарды біледі, анықтамалар мен ережелерді біледі. Білу кезеңінде қазақ тілі пәнінде зат есім дегеніміз не бастауыш, не яғни нақты анықтамасын, ережесін біледі. 2.Түсіну: таным мен ойлауы орта деңгей, оқу материалын өз сөзімен түсіндіру, қысқаша баяндау. Түсіну кезеңінде осы өздері білген ережелерді өз сөздерімен түсіндіреді, топ мүшелерінің арасында түсіндіреді немесе сыныптың алдында түсіндіреді. Оқушының осылай күнделікті сабақта топтың алдына шығып немесе күнделікті сабақта өз ойын айтудан өзіне деген сенімділігі артады, сыныптастардың арасында бір-біріне деген сенім пайда болады 3.Қолдану: таным мен ойлауы орта деңгей, оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді. Қолдануда осы өткен ережелерді қолданып сөйлемдер жаздыруға болады, әңгіме жаздыруға болады. 4.Талдау: таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей, оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу бүтіннің бөліктерін ажырату. Талдау кезеңінде оқушылар сол күнгі сабақтан алынған мәліметтерді салыстырады, талдайды. 5.Жинақтау: таным мен ойлау жоғарғы деңгей. Бұл бөлімде оқушы шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма жазады, тәжірибе жасаудың өзіндік жұмысын ұсынады. Алынған мәліметтер бойынша кесте құруы мүмкін. 6.Бағалау: таным мен ойлауы – ең жоғарғы деңгей. Оқу материалының маңызын анықтап, өз пікірін келтіреді, ойын білдіреді. Өмірлік қолданыста маңызды рөл атқаратын Блум жүйесін күнделікті сабағымда қолданамын. Блумның анализ, синтез, бағалау тараулары арқылы кез келген тақырыпта сұрыптау жасап, пайдалы-пайдасыз жақтарын анықтап, баға бере алатын жеке тұлғаны дайындау біздің міндетіміз. Педагогтың шеберлігі,яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өткізуі – заман талабынан туындап отырған мәселе.

А.О.Кайнарбаева
Глазунов орта мектебі
Қостанай облысы
Қостанай ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.