Home » Баяндамалар » ОТБАСЫ – ОТАНЫМЫЗДЫҢ ОШАҒЫ

ОТБАСЫ – ОТАНЫМЫЗДЫҢ ОШАҒЫ

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай  көрініп қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған- туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Н.Ә. Назарбаев

              «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының негізінде біздің қоғамымыздағы ұлттық бірлікті, татулық пен келісімді қалыптастыруға бағытталған, адамзаттың басты құндылықтарын, жақсы тұлғалық, ұлтжандылық сезімдерін тұрақты қалыптастыру ойы жатыр. Тұлға рухының күші де осында! Ал отбасы – әр бала үшін негізгі іргетасы, өмірлік өнеге. Сондықтан да туған үйдің жылуы – баланың көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», — десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар ұяты, ақыл бойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу деңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емеc, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Ата – асқар тау, Ана – бауырдағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ,  — деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың. Қазақстан қоғамының рухани жаңаруында дәстүрлі діндердің алатын орыны ерекше. Ислам, христиан діндерінің жалпы  адамзаттық және рухани құндылықтары қоғамдағы келісім мен татулықты тұрақтандырудағы маңызы ерекше. Олар қоғамымыздағы тұрақтылықты нығайтуға қызмет етеді. Қазақстан қоғамының осы үлгісі мен тәжірибесі дінаралық жанжалдарға  қазір де, болашақта да жол бермеуге болатының тағы бір дәлелі. Мемлекеттік – конфессиялық саясаттың дұрыс болуы дін аласындағы проблемаларды үнемі жіті қадағалауға тікелей байланысты. Алайда еліміздегі діни жағдайдың ерекшелігі – діни ағымдардың әртүрлілігі.
Қорыта келгенде отбасында діни тәрбие оң нәтижесін беру үшін отбасы мүшелері діни сауатты болуы қажет. Отбасы мүшелерінің, әсіресе балалардың немесе жасөспірімдердің теріс пиғылды діни ағымдарға түсіп кетпеуі үшін ата-ана  күнделікті өмірде баланың әр уақытын назарда ұстауы қажет. Бос уақытын тиімді пайдануын қадағалау қажет. Бала үнемі ата-ананың  бақылауында болуы қажет деп ойлаймын.

 

 

Ж.А.Ильясова
 9 Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектеп
ММ, тарих пәнінің мұғалімі
 Қостанай қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.