Елбасымыздың Жолдауындағы: «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек», — деген салихалы сөздері мұғалімдерге үлкен міндет артады. Бұл білім беру мекемелерінің қазіргі жаңа құрылымы мен оқытудың жаңа мазмұнын мұғалімдер қауымына жаңаша іскерлік пен қазақ тілін оқып үйренудің жаңа технологиясын ендіру міндеттерін шешуге жетелейді.
Қазақ тілі – мемлекеттік мәртебемізді, ұлттық келбетімізді танытатын басты белгі. Мемлекеттік тіл тағдыры – қазақ ұлтының да тағдыры, сондықтан біздің мақсатымыз – қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне меңгерту, үйрету. Ол үшін не істеу керек?
Ол үшін мұғалім сабақты қызықты, тартымды өткізуі керек. Сабақ — өте күрделі, сан қырлы.
Әрбір сабаққа қойылатын басты талап:
оқушының білімге деген қызығушылығын арттыру;
сабақтың әдіс-тәсілдерін түрлендіру;
көрнекі құралдарды тиімді пайдалану, оқушылар сезіміне әсер ету;
балалармен ынтымақтастықта болу;
сабақтың өмірмен байланысын нығайту;
мұғалімнің сабаққа жаңашылдық, шығармашылық әрекеті;
Өзімнің 30 жылдан астам уақыт ішіндегі педагогтік тәжірибемдегі әрбір сабағымда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында басты назар аударатыным:
тақырыпты нақты жоспарлауға;
сабақтың типін,әдістерін өзгертіп, проблемалық ізденіс, зерттеу туғызу;
сабақты өмірмен байланыстыру;
қосымша әдебиет, көркем шығармаларды басшылыққа ала отырып, оны сабақтан тыс жұмыстарда жалғастыру.
Соңғы кездерде «педагогикалық технология» жөнінде көп айтылуда Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. «Педагогикалық технология» дегеніміз не? Педагог ғалым Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген еңбегінде былай дейді: «Оқу тәрбиесі процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы – белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы». Технология қарапайым тілмен айтқанда, жүзеге асатын ғана, нақты мақсаттардың алдын ала ойластырылған нақты жобасы, яғни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы. Ал, педагогикалық жүйе – педагогикалық технология негізі. Кәсіпке дайындау, мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселелер. Педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы жүзеге асырылады: Педагогикалық технология – ұстаз қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарлаған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – оқушылардың оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады. Оқыту үрдісін жаңашаландыру оқушылардың оқу материалының теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үдерісінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологиялар игерулеріне тікелей байланысты болады.1 кезең – оқып үйрену; 2 кезең – меңгеру; 3 кезең — өмірге ендіру; 4 кезең – дамыту. Әр мұғалім алғаш педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді. Менің ойымша, проблемалық оқу-әдісін жүзеге асырудың ең қолайлы жолы – оқушыға проблемалық- логикалық ойлау сұрақтарын беріп шешкізу. Ондай сұрақтарды көбіне мен жаңа сабақты бастамас бұрын немесе жаңа материалды баяндап болғаннан кейін бекіту кезінде де іске асырып отырамын.
“Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін, үнемі жаңаны табатын өнер”, — деп Ж.Аймауытов айтқандай, сабақ беруді өнер деп бағалау тегін емес. Сабақ үрдісінде берілетін мазмұнды бүгінгі күннің өзекті проблемасының байланыстыра өту – балаға ой салу, ойланту, өмір сабағы.
Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалімнің белсенділігі, шығармашылық ізденісі,алдындағы шәкіртінің білімін бағалауы оқу барысында шешуші рөл атқарады.Өз сабақтарымда В.Зенковтың «Дамыта оқыту» технологиясын, Ж.Караевтың «Деңгейлеп оқыту», «Сын тұрғысынан ойлау», И.В. Первиннің «Топтық оқыту», М.Жанпейісованың «Интерактивтік модульдік оқыту технологиясын» пайдаланып жүрмін. Бұл технологияларды пайдалану үшін мұғалім алдымен өзі оқып, біліп, зерттеп, тиімдісін өзінің шеберлігіне қарай таңдауы керек.
Дамыта оқыту жеке тұлғаны жетілдіреді. Бүгінгі күннің оқушысы – ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер,мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек», — деп Мағжан Жұмабаев айтқандай,оқыту үрдісіне жаңа көзқараспен қарау керек.
Педагогикалық технология мынадай негізгі шартты қанағаттандыруы тиіс:
- оқушының танымдық, қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесінің жобасына негізделу қажет;
- оқу мақсатын диагностикалық түрде анықтап,оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалау қажет; Қорыта айтқанда, оқу технологиясының барлық түрі оқу сапасын арттыруға, жеке тұлғаны дамытуға, қазіргі заман талабына сай жұмыс істеуге бағытталған. Ал, сол технологияны тиімді пайдалану – мұғалімнің еншісіндегі нәрсе.
- іс жүзінде оқу үдерісінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс.
Сағындыкова Салтанат,
№ 59 жалпы білім беретін орта мектебі
коммуналдық мекемесінің
қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі,
Қарағанды қаласы