Фараби бабамыз отбасын адамзат дамуының алтын ұяшығына балап, әлем халықтары бір отбасы мүшелеріндей береке бірлікті, қайырымды, болса екен деп армандап, оған зор үміт артқан-ды. Отбасы дегеніміз – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Ежелгі грек ойшылы Платон «Адамдар отбасын құру үшін болашақ өмірдегі серігінің қандай отбасынан шыққанын, оның әке-шешесі мен ата-бабаларын жақсы білуі қажет» деген екен. Ал, Аристотель болса, «отбасы — адамдардың қарым-қатынастарының ең бірінші түрі және ол мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі» деп санаған. Отбасы — қоғамның ажырамас бөлігі əрі оның маңызын төмендету мүмкін емес. Отбасы болмайтын ешбір ұлт, ешбір сəл де болса өркениетті қоғам болған емес. Қоғамның алдағы келешегін де отбасысыз елестету мүмкін емес. Əр адам үшін отбасы дегеніміз — барлық бастаулардың бастауы. Адамдардың барлығы дерлік бақыт деген ұғымды, ең алдымен, отбасымен байланыстырады: қазақ ұғымында бақытты адам – өз үйінде тұратын адам, «отының жанында,ошағының басында, кемпірінің қасында», балаларымен бірге, өз елінде, өз жерінде ғұмыр кешіп жатқан адам. Кешегі қазақтар, ғылым тілімен айтқанда; генеративтік (латынша regeneratio — қайта түлеу, жаңару) функциясы белгілі бір мəртебені, ата-тегін, мүліктерді, əлеуметтік жағдайды мұрагерлікке алу дегенді білдіреді;«толықтырылған отбасы» — өзінің құрамы жағынан ұлғайған одақ: бірге немесе бір-бірімен тығыз жақындықта тұратын жəне отбасының құрылымын түзетін ерлі-зайыпты жұп жəне оларың балалары, оған қоса алдыңғы буын ата-аналар, мысалы, əжелер, аталар, нағашы аға-əпкелер;-тұратын жеке отбасының евроазиялық типін басынан кешірді. Жеке отбасы – бүгін таңда дүниеде ең кең тараған отбасының түрі Бұл отбасы енді тек әлеуметтік топ қана емес, сондай-ақ заң жүзінде бекітілген топ. Отбасы нақты қоғамда өмір сүреді, сондықтан отбасының жалпы сипатымен қатар өзі өмір сүретін қоғамдық қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше белгілері де болатыны түсінікті. Әр елдің, ұлттың отбасын құру жолдары әртүрлі. Соған байланысты бала тәрбиесі де ерекше. Отбасы тәрбиесі өмір өзгерісіне ұшырап отырады. Мәселен, қазақтың ертедегі, кеңес заманындағы және бала тәрбиесіндегі өзгешіліктер. Отбасы қоғамның даму барысына да ықпал ете алады. Қоғамның дамуындағы іргелі экономикалық, əлеуметтік, демографиялық процестер отбасының өмірінде анық байқалады. Отбасы адамзаттың бүкіл тарихи болмысында құрған ең ұлы құндылықтарының бірі болып табылады. Ол өзіндік бір əлеуметтік институт, онда қоғамның немесе оның жекелеген мүшелерінің отбасының ролі мен мəнін білдіретін мүдделері біте қайнасып жатады. Отбасы — мемлекеттің негізі, азаматтың моралі мен құқығы көрініс тапқан бастауыш ұйым. Ең мықты жəне қалыптасқан деген мемлекеттің өзі, егер отбасылық өмір мен тəрбиенің берік орнаған тəртібі болмаса, дағдарысқа ұшырап, ақыр аяғында құрдымға кетеді, егер отбасы берік болып, тəрбие дұрыс жолға қойылған болса, онда мемлекеттік өмірдің сырттан күйреуі кездерінде де халық өмір сүруге қабілеттілігін сақтай отырып, мемлекеттің күш-қуаты мен бірлігін қалпына келтіре алады. Мемлекет отбасының нығаюына, оның сақталуына, оң дамуына мүдделі.Отбасы өмірі материалдық және рухани үрдістермен сипатталады. Табиғи-биологиялық және шаруашылық тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құраса, рухани жағын құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды.Отбасы қоғамдық қарым-қатынасқа оның барлық өмірінің үрдісіне ықпалын тигізе алады. Отбасы адамдарға қажеттілігін қанағаттандырып қана қоймай, бірқатар әлеуметтік функциялар орындалып, қоғамның әлеуметтік құрылымы, бір элементі болып табылады.Отбасы мүшелелері бір-бірімен тығыз байланыста, ерекше жанашырлық, сүйіспеншілік сезімде болады. Олар бір-бірінің өміріне, тағдырына елеулі ат салыса алады. Бұл жерде бір немесе бірнеше ұрпақ отбасы болып іріктелінеді. Екі ұрпақты отбасыда: әйелі мен ерінің, әке мен шешенің, балалардың, ағалардың және қарындас, сіңлілердің рөлі негізделеді. Ал, үш ұрпақтық отбасыда ата мен әженің, ене мен атаның, күйеу бала мен келіннің, қайындар мен балдыздардың рөлі қосылады.Отбасындағы ата мен баланың қарым-қатынасына ешкімнің күмәні жоқ. Ана баланы өмірге әкеледі, ақ сүтімен тамақтандырып, әлдилейді, өсіреді. Ал, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасқа әртүрлі көзқарастар мен тұжырымдар бар. Біреулер-балаға әкесі әйелі арқылы байланысады десе, екіншілері әке мен баланың байланысы тек экономикалық және эмоционалдық көмекте дейді, ал үшіншілері «Әкенің баласына деген ниеті, жасаған жақсылығы- олардың анасын сүюі» деген ойда. Қалай болса да әкенің рөлі ананың рөлінен кем болмауы керек. Ол тек әр адамның жауапкершілік сезіміне байланысты болады.Бұл айтқандарымыз отбасының қоғамдағы маңызы, тәрбиедегі ықпалы, тіршіліктегі орны ғана.Бүгінгі қазақ отбасының қазіргі жағдайына қысқаша шолу жасай отырып, ол жоғарыда келтірілген міндеттерін қаншалықты атқарып,қандай бағытпен, нендкй нәтиждеге жету мүмкіндігіне пікір білдірейік.
Өткен ғасыр қазақ отбасының қатарына отбасы деуге келмейтін алайда оның бірлі жарым қызметін көрсете алатын,жетімдер үйі мен қарттар үйін тіркесе, осы ғасыр алғашқы ширегінде, аналар үйі, зорлық-зомьылықтан айықтыру орталығын әкелгені белгілі. Ал,қазақ отбасы құрамы мен түрлік сипаты тым өзгешеленіп барады. Нактыласақ:отбасындағы зорлық-зомбылық асқынып, ұрып-соғып, шауып- боршалап өлтіру, балиғатқа толмағандарды зорлау,қапаланудан өз-өзіне қол салу, балаларын тастап кету, ажырасу осы шақта қалыпты жағдайға айналып, ешкімді де елең еткізбейтін болып барады. Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағының» мәліметінше, елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жыл сайын 400-ге жуық әйел ажал құшады екен. Дегенмен, Бас прокуратураның 2016 жыл бойынша мәліметіне қарасақ, 36 әйел мерт болған. Тағы бір құқық қорғаушылардың деректеріне қарағанда, былтыр қыз-келіншектерге қатысты 91 631 құқық бұзушылық тіркелген. Оның 71 965 ауырлығы орташа қылмыс болса, 4 131-і ауыр қылмыстар санатында. Ал, 420-сы аса ауыр қылмыс. https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/ Отбасына әулетке тікелей жауапты мемлекеттік мекеме де жоқ болып,аты асқақта-ғаннымен амал-өлшеуі мардымсыз комиссиялар қалған. Осы комиссия жыл сайын отбасы күнін атап өтіп, «Мерейлі отбасы»-ын,анықтап,озаттарды мақтап, етектей мақтау қағаздар мен дипломдар тапсырылады.Бұл не үшін,қандай нәтиже беретінін ұйымдастыр-ушылардың өзі де білмейді.Отбасы күнін атап,мерейлі отбасын марапаттау Африкада да, Азия жұртында да бар.Бірақ олардың мақсаты,өткізу әдісі мүлдем бөлек. (Бұл жайында арнайы мақала да жариланған-ды.Келдің бе,кер заман,қыңыратқып…).
Отбасы тұрақтылығы мен беріктігі өте босап,әйелге,балаға зорлық-зомбылық жасау мүмкіндігі заң аясында артқан.Жаңа заман жағдайында,аралас некенің көбеюі,азаматтық некенің өмірге енуі,жастардың шет елге ұзақ мерзіммен өмір сүру еркіндігінің ашылуы отбасы беріктігі мен тұрақтылығына ерекше әсер етуде.Егер отбасы-қоғамның негізі, кішкентай мемлекет десек, онда осындай тұрақсыз некелерден құралатын қоғамның, мемлекеттің келешегі қалай болмақ?.Өкінішке қарай, жылдан жылға ажырасу жағдайы көбейіп, толыққанды отбасы саны азаюда екен. 2005 жылы ажырасқан отбасы саны 35 834 болса, 2015 жылы 53 293-ке жеткен. Заңды некеде тұрмайтындардың саны артуда. Бұл өткен жылға қарағанда 6,6 пайызға өскен. Некесіз бала табу көрсеткіші өскен. Көп балалы отбасылардың жағдайы әлі де мәз емес. Қазақстанда отбасының саны 3,5млн.Оның 240 мыңының бала саны 4 және онан көп. Азаматтық некедегі және ажырасқан отбасы санын дәл анықтау мүмкін емес көрінеді,тек жобамен айтсақ барлық отбасының бестен біріне тең деседі. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің өткен жыл соңындағы мәліметіне сүйенсек .2017 жылдың басында халық саны 17 917 915 адамды құраған. Ал ағымдағы сәтте 18 146 778 адамға жеткен. Оның ішінде ер адамдардың саны 8 785 273-ті құраса, әйелдер 9 361 505-ке жетіп отыр. Бүгінгі таңда халықтың 15 жасқа дейінгі саны 21,6 %-ды құраса, 15 жастан 65 жасқа дейінгі халық саны – 71%-ға тең. Ал 65 жастан асқан адамдар саны 7,4 %-ды құрап отыр.15 жастан кіші адамдар саны 3 890 984-ті құраса , оның ішінде ұлдар– 1 987 807, ал қыздар– 1 903 177. Ал 15 жастан 65 жасқа дейінгі (14 жастан асқан және 65 жасқа толмаған) халық саны – 12 890 235 болса, оның ішінде ер адамдар – 6 246 903 болса, әйелдер – 6 573 332. Ал 64 жастан асқан ер адамдар саны – 456 532, әйелдер саны 876 974.Ал Қазақстандағы ер адамдар мен әйелдердің өмір сүру ұзақтығына келер болсақ, ер адамдар 63,2 жас, ал әйелдердің 74,1 жыл өмір сүруі күтіледі екен. Жылына орта есеппен 360 мың баланың дүниеге келетінін ескерсек кәзіргі 3 891 мың бала саны 2020 жылы төрт миллионнан асатыны анық.Оның бір пайызы ғана жетім аталатын болса олар 40 мың болады. Ажырасқан отбасы арқылы пайда болған тірі жетімдер,өгей әке-шеше қарауындағы теперіш көрген жарты жетімдер,зорлық-зомбылыққа душар болған жас ұл мен қыз, ерлерден таяқ жеп,басы жарылып,қол аяғы мерттіккен байғүс әйелдер, басар-жер барар тауы жоқ баспанасыз тентіреген, бала мен ана жағдайы отбасы және неке заң кодекстерге көптеген толықтырулар енгізуді қажет етіп отырғаны белгілі. Отбасын жағдайына қатысты мына жайыттар тағы бар. «Әйел теңдігі әйел пікірімен санасудан басталады. Әйелге қол көтеру әлсіздіктің белгісі. Ақылы бар, есі бар адам мұндайға бармайды. Елімізде әр 8-ші әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны болады екен. Үй-ішіндегі зорлық-зомбылықтан 400-ге жуық әйел көз жұмады Бұл тек жылына ғана.Сұмдық қой!»,- дейді тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы. Тіптен, осы күнде жалғыз басты аналар көбейіп кеткен. «Әкесіз де бала тәрбиелеуге болады», — дейтінді шығарған. «Қазақстанда 400 мыңнан аса жалғызбасты ана бар. Бұл біздің қоғамдағы аса өзекті мәселенің бірі», – дейді Айна Досқызы. Сүр бойдақ пен кәрі қыздар ересектер санының 18 пайызын иеленеді екен. Бойдақ жігіттердің 15 пайызы жұмыс істеп, мансап қууды мақсат тұтса, 35 пайызы үйленуді жүк санап, жауапкерліктен жалтарады деседі. Жыл сайын 140-160 мың отбасы шаңырақ көтерсе, ажырасатын отбасылардың саны 41-48 мың аралығында. Бұлардың 80-ге жуық пайызы балалы отбасы. Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан,ата-ана мейіріміне зәру балалар мен аз да болса темір тордың аржағында отырған жас жеткіншектер қосылғанда, халық санының едәуір бөлігін құрайтын 1-19 жастағылардың бір тобы жетімдер аталып, біздің қоғамда өсіп келеді,әрі әкесіз (кейбірі анасыз) ұрпақ тәрбиеленіп жатыр. Әке-шешеден тең тәрбие алмаған ұрпақ, ертеңгі күні отбасылық құндылықтарды бағалап қадірлей ала ма?
Демографиялық ахуал мен жендерлік саясат арасындағы үйлеспеушілік, сыңаржақтылық басқарусыздықтан туындаған жезөкшелік, өзіне-өзі қолжұмсаушылық, қазақ ұлтында болмаған бір жыныстылар бас қосуы,зинақорлық қатарлы қатынастардың белең алып,көрініс беруі қазақ отбасының іргесін сөгіп,босағасын босатып жіберді. Бұл құбылыстар халқымыздың қалауымен болмаса да,біреудің арнайы ұйымдастыруымен ашық жүрілмесе де, арғы түбінде жымысқы саясат иесінің бар екенін, оларды қолдап,іле жөнелетін өзіміздің көзсіз көбелектердің сұрықсыз бейнесі,сұрқия әрекеті екендігі айқын.Бұл амал жоқ ащы шындық.Ең касыретті нәтижесі осы құбылысты қайта қайырып, қазақ тұрмысынан аластай салу мүмкін еместігінде болып отыр.
Оның салдары да тым жаман болып отыр. Дәлірек айтқанда, мына сұрақтардың жауабы бұлыңғыр,шешімі шектеліп қалған. Бірінші, айтылған құрамдағы,бүгінгі қазақ отбасы. Ұлт өкілін, қазақ азаматын келешек өмірге дайындап бере ала ма? Егер бұл сауалдың жауабы дүдәмал болса, енді отбасына басқа нендей тетіктерді үстемелеп пайдалану қажет? Шіркін-ай, ана тіліміздің даму тағдыры, қолданылу аясына бұл құбылыстың салқыны тиіп кетпес пе екен? Білем деушілердің үш тұғырлы тіл саясаты деп қақсауының аржағында не жатыр? Олардың да бір білгені, сезгені бар, шығар! Тек бәсекелестікке қабілеттілік тақауыры ғана ма? Екінші, Қазақ халқы әлмисақтан бері ұрпағына үлгі өнеге беріп, оларды оқытып үйретіп, өмірге дайындап келген бай мәдениеті, тәжірибесі, тілі, ділі, діні болды. Оны ұрпағына әулеті арқылы аманаттап жалғастырған болатын. Қазақ отбасының педагогикалық мұрасын жалғастырушы бүгінгі әулет сапа жағынан, сипаты жағынан елеулі өзгерістерге ұшырағандықтан бұл сабақтастық жалғасы үзіліп қалған. Оны жалғастыру үшін ата-ана,мұғалім-оқытушы, тәрбиеші ұстаздар соңғы жарты ғасырда жанталасып біраз шаруаларды тындырып еді, енді міне, сол үрдісті іске асырушы басты орданың босағасы босап,отбасылық құндылық ортайып,оның іске асырылуы ойсырап кетті. Баршаның ақыл қосып, ұрпақ тәрбиелеген тәжірибесін жинақтап, жаңартып, жетілдіріп дайындаған амал-тәсілдері мектепте,арнаулы оқу орнында, педагог дайындайтын ордаларда көп-көрім итерілгенімен,жалпақ жұртқа,отбасына оның нәтижесі жетпеді. Ашығын айтқанда, бүгінгі ата-ана ұрпақ тәрбиелеу білім, білікті аларлық, игерелік орын жоқ болып отыр. Иә,сабақтастық үзілсе, барлық ата-ана педагог мұғалім дайындайтын оку орнында оқымаса (ол, мүмкін де емес), отбасылық педагогикадан хабары жоқ болса, не істесін, естіп-білген,көргенін жасамасқа жағдай бар ма? Ұрпақ тәрбиесі, жеткіншектер өміріндегі келеңсіз қылықтарды талқылаған, Республикалық кейде халықаралық конференция, талқылау-отырыстар мен дөңгелек үстел дейсіз бе, әйтеу педагогиклық-психологиялық басқосулардың соңы барлық кеткен кемшіліктер мен ұшыраған кедергілерді ата-аналардың мойнына артып,солардың жауапкершілігін арттыруға, оларды сөгумен аяқталады. Ата-аналар сүйту керек, бүйту керек деп ақылгөйсиді. Бірақ, сол ақылдары өз бастарынан артылмай, жалпақ жұртқа, ата-аналарға жетпей жатады. Қазақстанның кез-келген мұғалім-педагог дайындайтын оқу орнында «Әулеттік педагогика (Отбасылық қазақ педагогикасы» оқытылмайды, аударма отбасылық педагогика кей мектепте ғана оқытылады. А.С. Макеренконың өзі; «Көптеген отбасы бар. Олардың бала тәрбиелеу амалы бірізді, тұтас болмайды. Мемлекет, тәрбиелеу ісін педагогқа сеніп тапсырғандықтан, біз балаларды өз қамқорлығымызға алып, тәрбиелеуге тиіспіз». Ал, А.Байтұрсынов атамыз «Жас ұрпақ тәрбиесін ересектерден бастау керек», –деген Блонский: «Ата-ананы тәрбиелемей тұрып,бала тәрбиелеу қиын-ақ» демеді ме? Ата-аналар да кеше мектепте, отбасында болды. Оларды тәрбиеледік. Алайда,біздің тәрбиелеу амал-тәсілімізді олар өз ұрпағын тәрбиелеуде керектене алатындай дәрежеде игере алған жоқ. Әрі, ол амал-тәсіліміз бүгінгі шақта жетімсіз болып барады. Олардың сол бір, білім,білігін арттырып, жетілдіруге мұршамыз келмей,шамамыз жетпей-ақ қойды. Оның өзін мектепке қайыра мойнына артып қойдық. Баласын тәрбиелеуде әуселеміз жетпей, дәрменсіздік көрсетіп жүргеніміз аз болғандай ата-анасын «тәрбиелеу», «оқыту» тағы да тақауырланады. Ұрпақ тәрбиесінде елеулі жетістікке жеткен елдерде ата-ананың педагогикалық білімін жетілдіру жүйесі бар.Кеңес өкіметі кезінде «Білім»(Знание) қоғамы болған-ды. Кейбір елде «Азаматтық білім», «Өмірлік білім» деген пәндер барлық мектепте белгілі мөлшермен оқытылады. Ал,бізде,оның орнына, ешкімге түсініксіз, қажетсіз «Өзін-өзі тану» т.с.с. пәндер оқытылады. Азия төрінде, Егеменді қазақ елінде тұрып, тіршілік ететін осы ел мен жердің иесі азаматтар мен азаматшаларға білуге тиісті,қайткен күнде игеруге тиісті білім бар ма, бар.Ондай білім қажет пе, қажет.Ол, бірақ оқытылмайды! Қоғамдық институттардың дамуы даңғыл жолмен жүрмейді,талай іркіліс, дағдарыс, бөгеліске, кезігеді. Оларды талпыныспен, сілкініспен аттап өтпейді,басып өтеді. Алайда, қазақ ананың өмірге әкелген баласы шет тілде сөйлеп, тілге енуі, қазақ әкенңң сәбиі ана тілін білмей, басқа тілде былдырлап тұруы, нақ қасірет сол болып тұр.
Қ,Қабдыразақұлы,
ғалым, жазушы