Шымкент қаласының Тәуелсіздік күніне арнаған тартуы “Қазақ елі” атты мультфильм болмақ. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай түсіріліп жатқан бұл туындының толық нұсқасы желтоқсан айында жарық көреді деп хабарлайды Оңтүстік Рабат. Толықметражды туындыда елдің тарихы, Керей мен Жәнібек хандардың балалық шағы, ондағы билік құру дәуірі толық көрсетілген.