Біз – қазақпыз, туылған көк бөріден,
Күш алған, қайрат алған жыр төрінен.
Алатау боп аспанмен таласқанда
Қыран ұшып, самғайды көгімізден.
Талай сынақ қарсы алды жолымыздан,
Төгілді қан менен жас жанымыздан.
Талай ана құшағы жетімсіреп
Талай сəби айырылды анасынан.
Сүріндік, қайта тұрдық жігер алып,
Айқайлап, Абылайды ұрандатып.
Алқымынан өтсе де қылыш жүзі,
Тірілдік, „Қазақпыз!“ деп қайталатып.
Керей мен Жəнібектей болды көсем,
Жиренше мен Аяздай болған шешен.
Талай əн – жыр төгілді даламызда,
Күй ойналды домбыра ішегінен.
Ыбырай мен Абайдай болған ақын,
Мектеп ашып, оқытқан қазақ жасын.
Ахметтей табылмас ендігі де,
Əріп жазып, қалдырған сөз таңбасын.
Əлия мен Мəншүктей батыр қыз бар,
Бауыржан мен Қасымдай қаһарман бар.
Жүзге жеткен Жамбылды айту міндет,
Қуат берген жеңіске талпындырар.
Жасыл жайлау, ақ отау, ашық аспан,
Бұзау боздап, бала ойнап, ер жарысқан.
Ертегіге əженің ғашық болып,
Түндегінде ай менен күн табысқан.
Сарыарқа, Жетісудай байтақ жер бар,
Керемет ана тілім, қазақ тіл бар.
Тарихымыз айналған мыңжылдыққа,
Қазақ болу – зор бақыт, ағайындар!
Ақайша Рахметова 11 «А» сынып оқушысы