Home » Жаңалықтар » Республикалық  олимпиада

Республикалық  олимпиада

2017 жылдың март айында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ-да әдістемелік бірлестіктерінің жетекшілеріне арналған «Дәстүрді сақтаумен – инновацияға» республикалық интернет-олимпиада өткізілді.

Басты мақсаты – бастауыш білім беру пәндері және оқыту әдістемесі шеңберінде білім, білікті жүзеге асыру үшін мүмкіндіктер ұсыну және жағдай жасау болып табылады.

Ал, ұйымдастырушылардың алға қойған міндеттерінің бірі – мұғалімнің жеке өзін-өзі жетілдіру негізінде жаңа құзыреттіліктерді қалыптастыру және мұғалімнің жағымды имиджін қалыптастыруға ықпал ету. Олимпиада педагогтерге қиыншылық тудырған  қызмет бағыттары мен тақырыптарын анықтауға көмектесті.

Республиканың 6 облысының әдістемелік бірлестік жетекшілері онлайн тәртібінде сұрақтарға жауап берді.

Шығыс Қазақстан, Бастыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарынан 90 қатысушы әдістемелік бірлестік жұмысының мазмұны мен ұйымдастыру принциптері туралы білімдерін байқатты.

30 қатысушы — 95%, 54 қатысушы — 80% көрсеткішке жетті, ал 6 қатысушы — 100%  —  I, II,  III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.