Саха Республикасында (Якутия) математика, физика, химия және информатика пәндері бойынша өткен халықаралық «Туймаада» олимпиадасына Қазақстан құрама командасы қатысып, жүлделі оралды. Олимпиада қорытындысы бойынша біздің құрама команда 2 алтын, 3 күміс және 2 қола медальға ие болды.
Жеңімпаздардың қатарында: Мырзатаев Айбек, Атырау қаласы дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты, алтын медаль — жасөспірімдер лигасы арасындағы абсолютті жеңімпаз (математика); Қалдыбаев Рауан, Нұр-Сұлтан қаласы «Республикалық физика-математика мектебі», алтын медаль — жасөспірімдер лигасы арасындағы абсолютті жеңімпаз (физика); Уразгулов Арман, Алматы қаласы Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейі, күміс медаль (математика); Серикбаев Исламхан, Қызылорда қаласы облыстық дарынды балаларға арналған №9 «Білім-инновация» лицей-интернаты, күміс медаль (физика); Тұрсынбай Дінмұхаммед, Алматы қаласы мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты, күміс медаль (информатика); Янченко Алексей, Алматы қаласы «Республикалық физика-математика мектебі», қола медаль (физика); Абдугафарова Кибриянур, Шымкент қаласы № 2 дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты, қола медаль (химия).
Олимпиадада Ресей, Румыния, Болгария, Сингапур, Иран, Тәжікстан және Қазақстаннан 154 оқушы бақ сынасты. Қазақстаннан олимпиадаға жалпы саны 17 оқушы қатысты.
Олимпиада екі күн бойы жеке біріншілікте төрт пән бойынша, атап айтқанда математика, физика, химия және информатика пәндерінен екі турда өтті.