КВН міндеті: Жайдарманға әр командаға берілген уақыт шектемесі 10 минут яғни «таныстыру» бөлімі 3 минут, 7 минут әзіл-оспақ қою. Әзілдер қысқада, нұсқа бірақ ол әзілдердің астарында жүйелі мағына болуы керектігін ұғыну, тақырыптан ауытқымау.
КВН мақсаты: Астана қаласында өткелі жатқан ЭКСПО-2017 көрмесінің қалай жобаланғанын, ол не екенін көрерменге қызықты, әрі мағынасын ойын-күлкі арқылы жеткізу.
КВН ережесі
Қазақша КВН-нің негізгі мақсаты мен міндеттері:
1. Оқушылардың адамгершілік, рухани және мәдени құндылықтары мен қажеттіліктерін дамыту;
2. Көркем мәнер қалыптастыру;
3. Шығармашылық қабілеттерін дамыту;
4. Бос уақытты ұйымдастырудың белсенді түрлеріне оқушыларды кеңінен тарту;
5. Жас дарындыларды айқындап білу және қолдау;
6. Жастар арасында «қазақша КВН» ойынын дәріптеу;
Қазақша КВН ұйымдастыру және басшылық ету:
Сайысты ұйымдастырушылар қазақша КВН өткізу туралы ережені әзірлейді, іс- шараны өткізу кезінде сахна мен зал тәртіптің сақталуынын ұйымдастырады, ойынға қатысушы командаларды іріктейді, қатысатын командаларға арнайы грамоталар мен сыйлықтар тағайындайды.
«Қазақша КВН» шартары:
Сайысқа өтінім білдірген барлық командалар қатысады. Әр команда белгіленген барлық сайыстарда өнер көрсетуі тиіс. Қазақша КВН ұйымдастырушыларымен құрылған қазылар алқасы сайысты бағалайды және қорытынды шығарады.
Қатысушы командалар ұйымдастырушы комитетке 2017 жылғы 25 наурыздан кешіктірмей сценарийдің бір данасын түзету үшін ұсынады. Сценарий ұсынбаған команда ойынға жіберілмейді.
Сайысқа қатысу өтінім 2017 жылғы 25 наурыздан кешіктірілмей ұсынылады. Команда құрамының тізімі (10 адамнан артық емес) өтінімге қосыла беріледі.
Өткізу орнымен уақыты:
«Қазақша КВН» сайысты 2017 жылғы 22 сәуірде Ақжар ауданы АМҮ (аудандық мәдениет үйінде). Басталуы: 15:00 де.
Қазақша КВН конкурсының тақырыбы: «ЭКСПО-2017»
Бағдарлама:
Негізгі сайыс командалардың сәлемдесуі (визит карточкасы)
Регламент: 10-12 минуттан аспауы тиіс
Ең жоғарғы ұпай-5
Қорытынды шығару:
Әдепсіз жүріс-тұрыс, уақыт регламентін бұзғаны үшін командаға 0,1 ұпайдан (1 минут үшін) 2 ұпайға дейін алып тастау түрінде айып салынады.
Қазылар алқасының бағалау өлшемі болып табылады:
- тапқырлықпен әзіл- оспақ;
- авторлық;
- шығармашылық деңгейі және орындаушылық шеберлік;
- режиссура;
- сахналық мәдениет;
- әдептілік пен құлықтылық;
- уақыт регламентін сақтау;
- импровизация;
Марапаттау
Жеңіп шыққан « Қазақша КВН» командалары дипломдармен және кубоктармен марапатталады. Қазылар алқасы пікірінше «Үздік ойыншы» деп танылған қатысушы және «Көрермен көзайымы» деген сияқты мақтау қағаздарымен, сертификаттар беріледі.
Солтүстік Қазақстан Ақжар ауданы
Байтуыс орта мектебінің
«7 жұлдыз 1 құндыз» командасының
жетекшісі Балтабекова Маржан Алиханқызының өз ойынан шығарған әзілдермен қазақша КВН сценарийі
«7 жұлдыз 1 құндыз» командасы сахна төріне шығып, қазақша КВН ережесі бойынша сәлемдесу бөлімін бастайды.Алдымен жиналған қауыммен, көрерменмен амандасып алады.
Армысыздар құрметті көрермендер. Бүгінгі қазақша КВН-ға қош келдіңіздер. Алдарыңызда «7 жұлдыз 1 құндыз» командасы.
Сахнаға 5 жайдарманшы шығады.
- Біреуі айтады:«ЭКСПО-2017» дегеніміз не өзі?
- Екінші қатысушы: сен соны білмегенің ұят болар, оған жан-жақтан түрлі-түрлі мемлекеттен адамдар келгелі жатыр ол болашақтың энергиясы.
— Оның қалай, қайдан жасалғаның білесіңбе?
— ( күліп айтады) оны мен емес Google біледі (музыка ойнайды).
Араларынан бір қыз шығып жігіттер енді ЭКСПОға немен, қалай жетеміз?
Э-электричкамен (1 қатысушы) қысқаша электричка бағытын көрсетеді.
К-көлікпен немесе қайықпен (2 қатысушы айтады,көлік дауысын кқрсетеді, қолымен қайықтың жүзуін күлкілі, ерекше қылығымен жеткізеді).
С-самолетпен (3 қатысушы қолымен ұшақтың ұшқан сәтін күлкілі етіп көрсетеді).
П-пойызбен (4 қатысушы тдш-тдш күлкілі етіп, дауыстап көрсетеді).
О-?
Капитан команды айтады: О- дегенге қолқа жоқпа? ха-ха-ха. Ол дегеніміз өз ходыңмен жету.
— Кешіріңіз команда капитаны ол ө емес о әрпі ғой.
— (Ну и что О деген намекта жетеді деп жымиып айтады).
Команда ән айтады (Серік ибрагимовтың «Жаяу» әнінің сөздерін өзгертіп минусовкамен айту (тек 1 куплетімен қайырмасын яғни 2 минут)
Жаяу жүре білсең, (2 адам ән айту, 3 адам билеу аяқ қозғалыстарымен)
Өмір сүре білсең
Қадамды алшақ басып, ойың самғасын
Көлікке мінбеймін (бимен жеткізу)
Пойызбен жүрмеймін
Ұшақта ұшсамда, аяқ талмасын
қайырмасы: Жаяу алыс емес Астана
Баяу мен жетемін ЭКСПО-ға
Экспода-да-да
Келемін жаяу тағыда
жүрек дүрс-дүрс дүрсілдеп қағуда
Экспо-ға ға-ға
Барады біздің команда
Тамаша ғой Астана
Жаяу жүр жалында
1.Әзіл: «- Анашым экспоға билет маған жетпей қалды»
* Іс-әреке;тіті күліп (қарқылдап) айту;
* Жылап айту;(жылап айту)
* созып айту;(ЭЭЭЭккккссспоооо)
* әндетіп айту;
Анасы: — Құдаймау жұрттың балалары барайын деп жатыр
— Апа, қойшы ендігі жылы ол Экспоның билеті тегін болады ғой
2.Әзіл: Экспо дегеніміз не?
— ол көрме
— ол Астанада
— оған басқа мемлекеттерден 3 млн. Адам келгелі жатыр
— 2017 ж 10 маусымында ашық есік күні өтеді т.б. с.с.
Арасынан біреуі: еее мен ойласам Қазақстанда не болғалы жатыр, бәрі шулап, көшелерге, мектептерге стендттер ілініп (қызықты қылығымен көрсету)
3.Әзіл: Экспоға бара жатқанда болған оқиға
— Кешіріңіз қарындас байқамай аяғыңызды басып кеттім
— Жоға ештеңе етпейді, (мимикамен қызықты қылықпен айту) ауылда талай сиыр басып кеткен.
4. Әзіл: Экспоға баруға болмайды
— Неге?
— Сол
— Сол деп айтуға болмайды
— Неге?
— Сол
5. Әзіл Уақыт аз қалды
— билет алмадым ғой, масқара
— туф, ойын бітуге уақыт аз қалды деймін.
Команда билеп шығып кетеді.
Балтабекова Маржан Алихановна
Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы, Байтөс ауылы
КММ Байтуыс орта мектебі
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары