Home » Балабақша » «Қазақтың ұлттық бұйымдары» қолөнер байқауы

«Қазақтың ұлттық бұйымдары» қолөнер байқауы

Қол өнері-кілемде

Сөз өнері-өлеңде

   (Қазақ мақалы)

         Өнер – әсемдіктің ең жоғарғы түрі, өйткені ол табиғаттың әсемдігін де, адам еңбегімен жасалған заттардың әсемдігін де, сол адамның ұлылығы мен сұлулығын да, оның ой-арманын да өз бойына жинақтап, жан-жақты бейнелей алады. Қолөнер – өресі биік, өрісі кең өнер.

Мұнайлы ауданы Маңғыстау-5 елді мекеніндегі №9 «Бәйтерек» балабақшасында «Қазақтың ұлттық бұйымдары» қолөнер байқауы сайысы болып өтті. Сайысқа балабақшамыздың жалпы қызметкерлері қатысты.

Мақсаты: Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнерімізге деген қызғушылығын, ойлау қабілетін, сөйлеу шеберлігін арттыру. Қолөнердің бірі түрлі ою-өрнек туралы мағлұмат беру, шығу тарихын, мағынасын, қолданылу туралы әңгімелесу, шеберлікке, әдемілікке, өнерге, ою-өрнектерімізді құрметтеуге баулу.

Сайыс шарты:

  1. Өз қалауымен бұйым жасау.
  2. Бұйымына ою ойып жабыстыру.
  3. Өз қолымен жасаған бұйымдарын таныстыру.

№9 «Бәйтерек» балабақшасының меңгерушісі Титанова Марям Усеновна Бүгінде халқымыздың қолөнері қарқынды дамып келеді. Ұлттық қолөнер, салт-дәстүрімізді жетілдіріп, мәдениетіміздің озық жетістігін көрсетуде. Осы жағынан алғанда ұлттық қолөнердің тәрбиелік, тағылымдық мүмкіндіктері жоғары деп қызметкерлерді жетістіктерімен, сыйлық және грамота мен құттықтады.

  1. Ертеден келе жатқан, ұмыт болып бара жатқан, «Күбі» жасап I –ие болды Бактыбаева З. Сукарова А.

                                     

  1. «Шымылдық» Кубиева Қ. Бекбанова Қ. Биржанова Н. және «Киіз үй» Базарбаева К. Аланова Р. Айымбаева Айғаным жасап II- ие болды.

 

         

  • Тағы сол сияқты Жапарова Б., Избасаров Н. «Торсық» және «Сәукеле» жасап III ие болды.

 

              

 

 

    

 

 

 

 

 

«Көнені керек етпесең, жаңа табыл-майды» деп Шәкәрім атамыз айтқандай, көнені қадірлеп, кейінгі ұрпаққа жеткізу- біздердің және жастардың міндеті. Көне бұйымдарды ұмытпай, оларды қазіргі заманға лайық-тап, жаңа үлгіде жасап шығару – біздің парызымыз және қолөнеріміздің шарықтауына қосқан үлесіміз деп білеміз.

         «Өнер  – жастан» деген, осы өнердің қыр-     сырын жас ұрпаққа үйрету- өзімнің ұстаздық борышым.

Бактыбаева Зауре

                         № 9 «Бәйтерек» балабақшасы МКҚК,

                                                      педагог-психолог

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.