Home » Мақалалар » Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру. Латын әрпі

Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру. Латын әрпі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы: «2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліп­биімен басып шығара бастауға тиіспіз.

2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуге тиіс» деді. Қазіргі заман – жаһандану заманы. Технологиялар мен коммуникация қарқынды дамуда. Заман талабына сай бейімделу мемлекетіміздің дамуына қажет. Латын әліпбиіне көшу осы қажеттіліктен туындап отыр. Сонымен қатар латын әрпіне көшу әлемнің әр бөлігіне тараған қандастарымызға, түркі тілдес бауырлас елдерге бет бұрып, бір қадам жақындастырады.

Латын әліпбиі негізін грек әліпбиінен алып, латын тілінде қолданылған. Қазіргі таңда латын әліпбиін дүние жүзі халқының көп бөлігі қолданады. Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Еуропа, Африка елдерінің жартысы, Аустралия елдері, Азия елдерінің бір бөлігі және т.б. латын әріптерімен жазады. ТМД мемлекеттерінің ішінде Әзірбайжан, Түрікменстан және Өзбекстан мемлекеттері кирилл әліпбесінен латын әліпбесіне көшті. Бүгінгі таңда латын таңбасымен жер шары халқының 40 %-дан астамы қолданып, ең кең тараған әліппе болып есептеледі. Ал латын әрпінде жазатын мемлекеттердің көлемі жер құрылықтарының 60% құрайды. Сонымен қатар латын таңбалары халықаралық таңба болып есептеледі. Дүние жүзі баспаларының 95% латын әліпбиінде басылып шығады екен. Яғни, қазақстандықтардың осы баспаларды оқуға және де керісінше, қазақстандық баспаларды әлемнің әр бөлігінің оқырмандары оқуға мүмкіндігі болады. Латын әріпінің кең тарауына әрине ағылшын тілі ықпалын тигізді. Латын әліпбиіне көшу кең тараған халықаралық тілдер – ағылшын, француз, испан тілдерін меңгеруді жеңілдететіні анық.

Дегенмен, кирилл әрпінен латын әрпіне көшу кезеңінде аға буын мен жас ұрпақ арасындағы білім қайнар көзі – кітап арқылы берілетін мәдени, тәрбиелік байланысты үзіп алмау оңайға соқпайтыны анық.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.«Егемен Қазақстан» газеті https://egemen.kz/article/nursultan-nazarbaev-bolashaqqa-baghdar-rukhani-zhanhghyru

2. Латинское письмо // Лингвистический энциклопедический словарь;

Абдимомынова Гульжан Байдильдаевна

«Нұршуақ» бөбекжай-балабақшасы,

ағылшын тілі мұғалімі

Степногорск қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.