Home » Жаңалықтар » ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ

Соңғы 20 жыл ішінде Тілдерді дамыту басқармасын басқарған, Мәжіліс депутаты болған, Парламент мінберінен түрлі өзекті мәселелерді қозғаған тіл жанашыры, халықтың қызы  Оразкүл Асанғазының кеше 65 жылдық мерейтойы болып өтті. Шара Астана қаласы Шабыт университетінде өткізілді.
Өнер университетінің филормониясының сүйемелдеуімен №79 балабақшаның  70 бүлдіршіні би биледі. Оразкүл апайымызға министрліктен келген қонақтардың құттықтау хаттары мен сыйлықтары табысталып,  Шахановтың «Қоразгүлге» атты өлеңі оқылып, Балғынбек, Жандарбек, Сырым сияқты айтыскерлердің айтысын тамашалаған көрермендер керемет көңіл күймен тарқасты. Елдің бүкіл қаймақтары жиналған кеш өте жоғары деңгейде болғаны айтпаса да түсінікті.

Қуаныш ТҰРҒАНБАЙ

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.